Төбе керек – шығу үшін тауды асып,
көне керек – жығу үшін дауласып.
Жол да керек – жүру үшін адаспай,
молдық керек – алу үшін таласпай.
Дана керек – өкіндіріп өлуге,
бала керек – қарттығыңды көруге.
Ерлік керек – жауың үшін емес ол,
бірлік керек – ауыл үшін емес ол.
Қол да керек – алу  үшін емес ол,
аяқ керек – із қалмасын демесең.
Қасиетіңді танымаса жар да елеп,
қасіретіңді көтеретін нар керек.
Мықтылық та керек екен шын осы –
тым құрыса, мықтымын деп жүресің.
Осалдық та керек,
                        бізге бір керім
мықтылықты күндеу үшін жердегі.
«Құдай» керек– сиынбауға сайтанға!
(құдай жоқ қой, жай, әншейін айтам да)
Бәрінен де жүрек керек...
                                    Көп керек,
аз ғұмырға кету үшін де өкпелеп.

1965