Жыртық-жыртық жапырақты бүркеніп
бұта біткен дірдек қағып тұр тоңып.
Дірілдейтін секілді ме қайыңның да тізесі, –
Қорқақтау жұрт емеспіз бе біз осы?
Қарт Алатау қауырт түсіп басына іс
Көшіп кеткен сықылды да асығыс –
Жел ұйтқиды бір бейпіл,
Ұйтқыған бұлт не жауарын білмей тұр.
Ылайланып жылайды ағып сайда су...
айналайын алтын Күн-ау, қайдасың?!

1980