Кеудем – бір үй:
Іші – дауыл,
сырты – дау,
күні-түні бір бұрқырау, бұрқырау.
Етек-жеңім далақ қақты;
бұ-дағы
жел өтінде қалғандықтың бір түрі-ау.
Көптен маған тиіп жүр-ау бір тұмау,
буындарым, сенің ісің – сырқырау.
Шілдеде де суық ұрды жанымды –
көңіл байғұс, сенің де іргең жыртық-ау.
1978