Жақсылар көп.
Енді өкінбей не етемін:
көп жақсының көрмей өтем бет-өңін.
Ғұмыр – қысқа,
қысқалықтың қырсығы:
жақсылықты түгел көрмей өтемін.

Көп әсерден айыққанда алғашқы
өкінішім – қуанышқа жалғасты:
ғұмыр – қысқа,
қысқалықтың арқасы:
жамандықты түгел көре алмаспын.

1978