болса есек бәйгі алды?
Жарып өтер жақсылар да кей күні
қалай ғана жарамсаққа айналды?
Заңдылық деп ақтайды жұрт мұны шын –
Жер де Күнді айналады күні үшін;
ондай емес бірақ менің жұмысым,
бебеулейді беті ашылған домбыра.
Коммунистік идея бар – көшбасшы:
талай-талай қендерді аштық,
досты аштық.
Талайлармен күліп тұрып қоштастық.
кейде табытпен де күліп қоштастық,
жер бауырлап жатып жылау орнына.
Қайыр айтқан мына бір сөз тірі әлі:
Қылмыс емес өтірік айту көпіріп,
сену бірақ өтірікке өтірік –
өзіңді өзің өлтірудің құралы.
Өтірікті айтқандар да кінәлі,
сенгендер де кінәлі –
табиғаттай қарапайымдылықтан
бұ да ауытқу сияқты, ал
гүлдіңдағы ұяттан
қызарады құлағы.
Содан шығар, талай үйде тұр, әне,
Аяз-бидің боршыны мен тымағы.
7
Айсыз ұзақ құм-белде кей түндерде,
не соққанда құмның соқыр бораны,
күзететін қасқыр-тұлып-қарақшы
қой қамаған біздің шеген қораны.
Борансыз да қорқынышты ед құм түні,
қорқынышты ед одан да
қосылып кеп ұлып кеткен заманда
қорқау-қорқау қасқырлардың құлқыны.
Сезілетін сонда қасқыр-қарақшы
қазір азу жұмсайтындай ұмтылып.
Түгі андыздап көрінетін – кірпі түк,
ол түн – құмның тарихында жазулы:
азуларға қарсы қойдық азуды,
бөрілерді бөрілермен үркітіп.
Сөйтіп сақтап қалдық қойды сонда біз,
о да майдан ерлігінде болды аңыз.
Тісі ақсиып қарақшы тұр: басқа ұр, бар –
азуында ызылдайды жел ескек.
Қасқыр болу – қорғанулар үшін де
керек екен, керек екен қасқырлар.
Түндер өтті.
Талай боран борады, ал,
айла көп қой қорушыда,
алушыда одан гөрі көп амал.
Шығын – қиын,
қиынырақ біз үшін
қой жегізді деген атақ қорадан.
Жұт қана емес,
айбар да екен түздің шулан бөрісі,
намыс үшін,
дала,
байтақ жер үшін,
қасқырша жан беру үшін, жан алып,
қорамыздың қақ төріне қададық
қарақшы ғып қасқырдың да терісін!
* * *
Бір жылдары қар борады – борады,
бір жылдары күл борады – борады.
Қорғап қалған қорым жерді, қораны
көкжалдардың атақ-даңқы зор әлі.
Ақ семсердің жүзі де бар,
одан гөрі айбары
талай-талай жауды жіпсіз байлады.
Совет деген сөзге құрып құлқыны,
келді бізге шапқыншының түр-түрі,
кірісті ірі жымысқының түр-түрі:
Антанта боп қасқыр шапты бір түні,
Ұры түсті Гитлер боп бір түні,
Талай жауыз жалай қашты жарасын,–
қорқыттық біз жалқылармен жаны асыл
келген жауды өзін-өзі зор тұтып;
Панфиловтың атағымен қорқытып,
Бауыржанның папағымен қорқытып,
апыр-топыр айдап шықтық біз бәрін.
Жүрек бірақ талай түндер сыздады,
майдан өтті моторлары күркіреп,
бір гүл солса, –
қыршын кетті бір түлек.
Касқаға емес,
бас сүйегіне ұя салды көгершін,
ақсап-ақсап өшті, кетті не қыршын –
жерді әлі де балдақтары жүр тіреп,
оқыс ойнап соққан шақта жел лебі
кәрі ағаштар сықырлайтын секілді
мүгедектер салмағынан Жердегі.
Қайыр айтты:
Су үрікті дүркіреп,
тосқындарды, тоғандарды бұзды, әне.
Көк бұлтқа ұсап мұздар жатыр құзда, әне,
боран өтті – қалды бізде ызғары,
бейне шыңның мұз-қары
өшпейді екен жүректегі қайғы да.
жапырағынан айырыла-айырыла
дірдектеп тұр тыр жалаңаш қара ағаш,
шың да сондай қалар кейде жалаңаш.
Мен айтамын:
Құлап түскен алмадан
тартылыстың заңын көріп алданам.
Жел мен бұта тұр, әнеки, ызғышып,
көк жапырақ кетті тозып, күзге ұшып
қара дің мен күре тамыр қалды аман.
Семсерлер де,
балталар да түр-түрлі
сілтегенде – талай тағдыр қырқылды,
талай бұтақ қырқылды:
тағы қайта көктейді деп алданам,
енді балта өтпейді деп алданам:
алдануда – үміт, сенім оты бар.
Ағаш сын-ды халық та
жапырағын тастап, түлеп отырар:
күре тамыр – халық бірақ қалды аман.
* * *
Тау ғып көкке көтердік бір жігітті,
Жігіт бірақ тез ұмытты, ұмытты
қарапайымдылықты.
Тас қып жонып жасап ек бір жігітті
о да ұмытты, ұмытты
адами көп қылықты:
кетті білем тым асқынып, асқынып,
әркімге бір қастық ойлап тасадан
жүр деседі қойынына тас тығып!
Талай жігіт берік еді – тас еді,
соның бәрі уақыттың әсері:
шын дауылдың тигенде екпін-тепкісі
Гитлер де жапырақ боп кетті ұшып,
Сомосалар кетті ұшып,
Муссолини кетті ұшып,
Трумэндер кетті ұшып.
Кім қайда ұшты?
Кімге керек ол жағы,
дұрыс болса Қайыр қарттың болжалы:
дауыл ұрса көкжиек бір қақырап,
әлі талай ұшар дейді жапырақ.
Дәреже мен дәулет жиған тырнақтап,
көп самайға дерт қырауы кірді аппақ.
Уақыт үшін соның көбі – ақымақ,
саудагер де, президент те ақымақ
Пиночет те, Рейган да жапырақ –
Заман желі, бұталарыңды ырғап бақ!
Жапырақ кетті үп еткен жел алдында –
сұлулық жоқ,
мағына ғана бар мұнда:
тамыр қалды орнында,
халық қалды орнында.
Ұшты талай тақ пен таждар ақымақ,
сарай да ұшты қабырғасы қақырап,
Диогеннің бөшкесі – сол орнында,
Аяз-бидің тұмағы сол орнында.
Ал, тамырлар – топырақтың астында
шулап жатыр ұқсап ұлы тасқынға.
Әттең, үні жетпейді
саққұлаққа, кереңге:
себебі – тым тереңде...
1983 жыл