де жаралған
табиғатты сентиментальдық жеңгенде.
Білеуленбе сондықтан
тамырыңмен қаусап бар –
екеуін де байқап ұста, саусақтар!
Тікен-бұта қадалып тұр алмаға, –
мен бір сәтке қарап қаппын таң қала,
содан кейін тұла-бойым дір етті:
ей, бұталар тікен-саусақ-тырнақты,
бүремін деп жарып алма жүректі!
Тырнақтарың улы-ау, жігіт,
тым ысты–ақ
шөлді жердің бұтасындай тырысқақ.
Жүрегімді көрем дейсің бір ұстап,
әй, тағы бір сығасың-ау дұрыстап?
Көкірегіңді ерсі көрер жан жоқ, аш,
“аш” дегенім әлде дұрыс, әлде оғаш?
Тек көп тамыр таратады-ау адам қан,
адал қан да – сол тамырдан таралған,
күлді дүние – жалғыз-ақ түп алма-ағаш.
Бұталарда шық мөлдіреп тұр тұнып,
арықтардың жолы – бөгет, тас кілең.
Сол тастардың – бомбалардың астымен
ұғымдардың, қоймалардың астымен
күретамыр соғып жатыр жұлқынып!
Жапырақ қана селтеңдейді желігіп,
қашан күз кеп құлағанша жел ұрып.
* * *
Кімнің жүрегі адал болса,
дүниеге сол тұтқа –
Қайыр айтты, жастығын
қысып алып қолтыққа:
Сол Аяз-би аңыз болған
кейінгі
мына сендер үшін зерде-зейінді,
Ойланған ғой: соры ма, әлде бағы ма,
отырғаны ханның алтын тағына.
Дәрежесі ұлы болса да ұлықтың
– Осы менің өз орным ба, жамағат?
Мен де айта алам: май табан
талайларға туу керек қайтадан.
Креслоға көсілгенде кей адам:
– Осы сенің өз орның ба? – дей алам.
Шамаң жоқ қой қозғалуға дей алам.
Сонда жеген өз наның ба дей алам!
Бұдан кейде түк шықпасын байқағам,
Әйтсе де мен айта алам ғой?
Айта алам?
Тағы да айтты: ақ пиғылдан айла асқан
мына дәурен өтпес дейсің қай бастан!
Аяз-ханнан да өткен екен,
ал, бірақ
кейін тауы қайтпас үшін салбырап,
бақ, мансапқа сақ қараған дана адам
қырсыққа да сенбестікпен қараған.
Тасыттырмас үшін көңлін бұла күн,
Өзін-өзі аттатпаған бір адым.
Ескі “достар” ұмытты деп мұрадын,
сабау ұстап салатындай бір бүлік,
қойған дейді босағаға ілдіріп
боршыны мен жалба-жыртық тымағын,
Кісі қорқар хан болып-ақ алыстан,
кішілігін жоғалтпаған данышпан!
Ал, мен айтам:
хандар емес әңгімем,
бірақ Аяз – нағыз еркек-хан білем:
түсінген ол жұртты қорқыту үшін
өзің қорқу керектігін алдымен!
Талдап білген ез түйсігін, ер өңін,
орманшыдай қараңғыда айырған
қара орманның қайыңы мен терегін.
Даналарды бағып ұстау керегін,
балаларды қағып ұстау керегін
түсінген ғой, түсінген-ау, түсінген.
Мен де түсі-не-мін,
әттең, ішімнен.
Сондықтан да үміт етем, түңілем,
міндет етіп көрген емен мұны мен.
Үнім менің содан күңгірт шығады –
Диогендер бөшкелері түбінен.
Бірақ бүгін де айта алмайды,
ес-түсін
білер-жандар –
болсын-ақ ол әділетке өш кісі –
Капитолий сарайынан мәнсіз деп
Диогеннің баяғы ағаш бөшкесі.
Шахтада істер кісілердің ісі бұл,
айласы жоқ, қайласы бар қашан да
көмір қазар кісінің.
Еңбекқорлар елі – қашан да ақ тымық,
қояр олар: “Бақыт құсының” өзін
бағаласа – бақташыға бақтырып.
Кел, кел, ойлар, мазамды ал:
кейде керек қайнай алар қазан да
тым құрыса қақпақтарын лақтырып!
Мен де – еңбеккер,
аузым содан ақ тымық,
Содан шығар, естілмесе түк үнім.
Жүрек торсы-ғы-на құйып ашытқан
ақ шарабым: ақыл-қайрат-ұғымым
уақыттың мытығанда шеңгелі –
шампан болып атып шығар тығынын!
Әзірге ғой, әзірге, рас, әзірге
Әзіл де айтып көктетпедік, сыр тұрмақ,
тұмау тиген тұмсық құсап мыңқылдап,
тарихты да жүдетті әбден жұрт ұрлап,
Әдепсіздер әруақтарға “тұр-тұрлап”,
Ескіліктен –
хандар салған қорлықтан
құтыла алмай келеміз біз сондықтан.
Тақа – жаңа,
ал, басқаның неге ескі із деңіз,
бірақ өтірікші демессіз?
Естілігі үшін кейбір хандардың
Сені әлі де үлгі тұтам,
сол үшін
саған да, Аяз, арыз айтсам – борышым.
Мына бізді аттатпайды бір адым
ұмытқандар боршыны мен тұмағын.
Тағы да бір мінез бітті – көкбеттік:
өр болам деп өр көкірек боп кеттік.
Ұмытқандар топырағы мен тамырын
бітіре ме көктеп түк?!
Көктер кезде – тамыр керек,
неге біз
өсіп алып тамырды –
табиғатты неге ұмыта береміз?
Неге, неге, неге, неге біз
тамырды емес,
жапырақты көреміз?
Күн көзінде тұрғаны үшін жалбырап
жапырақты жасыл дейміз,
ал, бірақ
тамырдың да болмай ма екен түс-өңі,
алма – пісті,
тамыр қашан “піседі?”
Сауал көп қой. Жауабы жоқ, бар мәні:
жерді жарып әттең әлдекімдердің
тамырды да “пісіріп” жеу-арманы.
Кабельдерге үбектейді ел
жауандығы үш елі,
Жас ағашты шетке қуып, тамырын
асфальттармен қысыңқырай түседі.
Табиғатты қорғау жайлы қаулы алып,
мына өзіміз көк майсаға, гүл-баққа,
ішіп-жеуге жақсы жер деп бір мақтап
сол гүл-баққа сиырға ұсап аунадық.
Сондай кезде асыраушыны ұмыттық,
сөйтіп, күре тамырды да ұмыттық,
Азаматқа қарт анасын ұмытқан
достары да қарайды екен күліп паң.
Ескіліктің қалдығы деп, қалдығы
кәрі әкесін қуып шықты, ал, бірі,
Ағашқа ұсап тамырынан үзілген
қурағанның көрдім неше жүзін мен.
О, тағдырдың әмірі,
тамыр біткен әлі жомарт, әлі ірі:
жапырағым көрінсін деп бас құрап,
бұталарым көктесін деп жақсырақ,
бірлік үшін бірі-біріне күш қосып,
тірлік үшін жатыр әлі тамырлар
топырақтармен тістесіп.
Ербеңдейді ерке бұта көкке өрлеп,
жапырағы көкпеңбек-ау көкпеңбек.
Жапырақ та мәз: қайың, емен дегенге,
кім нәр берді сол қайыңға, еменге? –
Оны ойлаған жоқ ешкім,
мен де осыған бас қатырған емеспін.
Себеп: тамыр көрінбейді – тереңде.
Ж