Тау бөктерін көп аралай, аралай,
сиреп-сиреп кеткен сын-ды қарағай.
Қарай-қарай көк аспанға сұңғыла,
аласарып кеткен сын-ды шың мына.

Тыңдай-тыңдай түк ұқпады құлақ бұл,
кеше-кеше «ылайладық» бұлақты:
Әсем әнді жаттамаймыз деп тоздырдық,
әсем жырды мақтамаймыз деп тоздырдық.

Қайталасақ жақсы сөзді, бір түрлі
тозады екен, пластинка сықылды.
Жалғыз жақсы сөз сықылды ең сен де осы,
бірақ саған ондай тағдыр бермесін.

1970