ӨЛЕҢГЕ ҚАТЫСТЫ СӨЗ

(Ақын ақын туралы)

Талант па, талапкер ме? Мұны əп дегеннен айыра қою да
қиын болар. Əйткенмен, теңіздің тамшысынан да, бəрібір
теңіз иісі шығары хақ. Қайткен күнде де бұрын аты аз аталған автор шығармасына кім-кімнің де алдымен ұмтылары
аян. Осындай халде жыл сайын баспалардан ондап-отыздап
шығып жатқан жыр жинақтарының əрқайсысына бір жалтақтап, ақтара, аудара жүріп жаныңа жаңа бір азық іздейсің.
Мұндайда адамның азға қанағат етері де заңды нəрсе. Бірақ
жалғыз сəтке болса да көңілің сергіп, жаның жайлау табады.
Өзгенің еңбегіне қанағат тұту, соған қызығу арқылы өзіңдіөзің қамшылайсың. Əрбір жаңа тіркес, ой, образ қиялды
қозғап, ойды оятады. Оқушыға осылай əсер еткен жас, жаңа
ақындарды қадағалап, қуып оқу аз. Ара-тұра болса да ақылкеңес айтып қою лəзім секілді.
Кешеден бері көкейін ойын тескендей,
Бес жауын өтті құйынға мінген бес көлдей,
Бесінде атты арқандап едім шалғынға,
Малшынып келдім гүл өскен дария кешкендей.
Қалған жоқ үйдің малмандай болмай бір түгі,
Тырсылдап шықты туырлықтың да жыртығы.
Дүрліге жөңкіп түнімен достың отары
Саңқылдап шықты қара ауыз ит пен мылтығы.
(«Суықтөбе»).
Бұл – Жұматай Жақыпбаевтың жыр-шумақтары. Осы
үзіндіден-ақ автордың – ақын екені көрініп қалды. Осы
тамшыдан-ақ теңіз иісі аңқып кетті. Əсіресе, «бес жауын
өтті құйынға мінген бес көлдей» дегені əдемі-ақ. Тек «кешеден бері көкейін ойын тескендей» деген жолда бір кірбің
бар. Əрине, түсінуге болады. Көкейін ойын тескен – жауын
ғой? Неге екені белгісіз, осы жол оқушыға біртүрлі: басқа
бір шумақтан (ұйқасы келіп тұрғанмен) келген жол сынды
əсер етеді. Əлгі сынды бірер жол – мін-кемшілік саналып,
дабырайтуға татымайды. Əрі қарай:461
Итмұрын шауып, иектен тері тамшылап,
Қара ауыз иті құйрығын бұлғай қаңсылап.
Отынын теңдеп малшы да келген бұл суға,
Имиіп кеткен ит мініп ирек қамшылап.
Маңыраманы маңына қарай айдатып,
Жолаушылардың аттарын тасқа байлатып,
Сиқырлы қазан секілді жатыр бұл қайнар,
Алтын кебектей ақ сары құмды қайнатып.
Бұрқылдап жатыр, басына жастап шырқау қыр,
Бабаларымның бабасын көрген бір тал нұр.
Бел омыртқасы темір пенде де бас исін,
Əулие болсаң мөлдірлігіңе іңкəр қыл.
(«Көш жолы. Қайнар»).
Əдемі-ақ. Бірінші шумақта «и» дыбысынан басталатын
алты сөз бар. Соның біреуінің орнын не біреуін басқа сөзбен алмастырса – шумақ шашылып қалатын тəрізді. Дыбыс
қуу ма? Мүмкін. Бірақ одан мазмұнға нұқсан келіп тұрған
жоқ. Қайта шумақ əлгіндей тіркес-үйлесімдердің арқасында
келісті көркемдік тапқан. Поэзияда дыбыстың атқарар қызметі де, əрине, шектен шықпаған жағдайда, зор дейтініміз
сондықтан. Поэзияның ескі, бірақ ескірмейтін қағидасы.
Бұқар мен Махамбет те сол қағиданы ұстанған. Жұматай
да ұстанып отыр. Махамбет: «Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен» дейді. Немене, мөңіреу үшін өгіз міндетті түрде
ала болуы керек пе? Мұндайды аллитерация, ассонанс деген
терминдермен мектеп оқулығы да əлдеқашан бекітіп қойған.
Махамбет сынды төкпе жыршыларға «адырна мен ала өгіз»
жарасып тұр. Ақынның өз заманының рухы сол. Ал бүгінгі
отыз алты жасар Жұматайдың: «Маңыраманы маңына қарай
айдатыбы» қалай естіледі? «...Сылдыраманың аржағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр» дегендегі маңырама ғой бұл?
Ала-көлең аршалы таудың қабағы,
Аспанмен жөңкіп сұр бауыр аппақ жабағы –
Бұйра шыңдардың етімен қара көлеңке
Сорғышқа құйған сияша жылжып барады.
(«Ойсазда»).462
Соңғы жолы қандай жақсы! Мұнда нағыз суреткердің
жіті жанары тұр. Көзге бірден шалынады. Суреткер демекші, Оспанхан Əубəкіровтің ертеректе жазылған мына бір
шумағындағы бейне көз алдымыздан кетпейді:
Шіркін-ай,
Жеңешемнің кірпігі-ай:
Бояғаны соншама
Əрбір талы жанып біткен шырпыдай.
Өлеңдегі сайқымазақтық рухты былай қойғанда, косметика кабинетінен жаңа шыққан кербез келіншектің кірпігін
бұдан артық қалай «мақтайсыз»... Жұматайға оралайық:
Жандарға дос та, дұшпан да болған,
Құмар да болған, құштар да болған,
Көзімнен бұлбұл ұшқанда арман,
Иттен де қалған, құстан да қалған
Көңілім менің, көңілім.
Кетсем де кейде күйіктен қаңғып,
Үміткер едің биіктен барлық.
Жақсылық айтар адамға құрбан,
Жомарт та қылған, сараң да қылған
Көңілім менің, көңілім.
«Сүгір күйінің əсерінен» туды делінген осы шумақтарда
не бар? Əсем сөздердің жақсы ақынның қолымен қаланған
қаңқасы ғана. Иə, қып-қызыл қызыл сөз.
Шеберлік атаулының өлшемді керек етері рас. Ж.Жақыпбаев – шебер ақын. Əсіресе, сөздің дəмін, иісін жақсы сезеді,
əр жолын ұқыпты құрастырады. Бірақ сөз астарға, мағынаға
ие болғанда ғана – үлкен күш алады. Өлең – сөзден жасалғанымен, сөзден биік тұрады дейтініміздің мəні осы. Сөздің
сыртқы ажарын, бояуын тап басып танып, таңдап алу да –
оңай шаруа емес. Бірақ ылғи да бетінің қызылы бар сөздерді
қуып теру түбі жасандылыққа апармай қоймайды. Көкірек
дүмпуінен атылып шықса – ажарсыз сөз де құдірет. Стихиялық бастаудың көзін қолдан бітемеу керек.463
Жұматайдың əр сөзі көненің көзі сықылды, көңілді елеңдетеді. Ақын – бармағының сиқыры бар ұста. Оның өлеңдерін оқығанда көз алдыңызға: он жетінші ғасырдағы қайыңның безінен жасалған қымыз-ожаудың түбіне жіңішке, болат бізбен əлденендей өрнектер сал