күш-қуат, ашу-ыза білдіреді. Үстіңгі
ішек (бос ішек) бұған қарсы мұң, езілу, түңілу сөзін айтады.
Екеуі бір домбырада тұрғанмен екі түрлі сыр түйеді. Екеуі
бір күйшінің саусағы астында жатқанмен екі түрлі емеурін
танытады. Екеуі көп жерде келіскенмен, көп жерде шалыс
келеді. Біреуі үзілдім-ау, тындым-ау деп ышқынса, екіншісі,
ерегіскенде тынбаймын, үзілмеймін деп күдірейеді. Екеуі
де нанымды сөйлейді. Қалтқысы жоқ, шын сөз. Бірақ күйшінің айтылмыш халін аңдасаңыз үстіңгі ішектің «айтқанына»
көбірек сенесіз. Күй төменгі (сағадағы) пернеге шапшып бір
шықты да, сылқ түсті. Қаумалағандар сəл аңырып қалды,
артынша біреулер: «Күй шертті, бұл жазылады, тірі қалады», – десті. Енді біреулер үнсіз бас шайқасып, кемсең-кемсең етісті. Өмір бойы жауырыны жерге тимеген бір балуан
жан тəсілім қыларда төсегінен атып тұрып, жанында жатқан
қайыс белбеуді қос қолына орап-орап алып, «əуп» деп бір
тартып, етбетінен түсіп өлген екен. Күйші Абыл да соның
керін құшты.
Атақты «Абыл» күйі осылай туды деседі ел іші. Əдетте
ұлы өнерпаздардың өмірін халық жасайды. Əсерлірек болу
үшін қызық пен қуаныштан гөрі өзі білетін қайғы-қасіреттің,
мұң-мұқтаждың салмақтырақ жағын бір соның басына үйіптөгеді. Бұған күдікпен қарауға əбден болар еді, бірақ күйді,
«Абыл» күйінің өзін қайда қоямыз? Тыңдап байқасаңыз,
«Абыл» қымыз ішу мен қыдырыс қызығынан тумағанынөзі айтады. Сіз тек тыңдауды ғана біліңіз. Өнер институтының студенті, жас күйші «Абылды» жеткізе алды-ау деймін
сізге. «Абыл» тағы да: Ол да сəби болып келді, домбыраны
бала болып ұстады, ойнап ұстады, кейін шындап күй шертті. Жұрт алғашында бала көріп, саусағын ғана қызықтады.
Оған бəрі күліп, кешіріп қарайтын. Кейін күйін тыңдайтын
болды. Күлкіні қойып, ойланып қалатындар көбейді. Бертін келе жүздері сұрланатынды шығарды. Біреулер көзіне
қадалды, біреулер кеудесіне үңілді. Көзіне қадалғандардан
күндес шықты, кеудесіне үңілгендерден қызғаныш табылды.
Əйткенмен ешқайсысы оны жеңе алған жоқ. Оны төрде отырып тыңдағандар емес, үйге сыймай, жабықтан сығалағандар жақсы көрді. Оның үстіне «Абыл» күйінде ғаламат зор
арман бар. Мұны өлгелі жатқан кісі шығарып тартты деген
сөзге сүйеніп айтып отырғамыз жоқ. Домбыраның соңғы,
сағалық (ре) пернесіне келіп қадалған саусақ соны айтады.
Əдеби шығарманың шарықтау шегі секілді. «Абыл» күйінің
де шарықтау тұсы осы ара. Осы жерде үстіңгі ішек кетеді.
Үстіңгі ішек: «бардым, бардым – жоқ болды, іздедім, іздедім – таппадым» деп сөйлеп тұрған жоқ па? Күйдің де лирикалық, эпикалығы болады десек, «Абылда» бұл екеуінің
үстіне, философиялық элементтер бар. Ол күйдің өнбойына,
эпикалық сарынмен араласып, жүріп отырады. «Абыл» өзінің характері жағынан, жаңа бас білген тай құсап, шекесінен
қарап, қырындап тұрған күй емес, байсалды, тіпті «босбелбеу» күй. Оны қуып тартуға əсте болмайды. Өйткені, қайғықасірет, өкініш, арман, ой дегендер жеңіл дүниелер демессіз.
Қысқасы, «Абыл» күйі, неше рет тыңдасаңыз да:
Күн барады өткелі,
Ай барады батқалы,
Қуғаныма жетпедім,
Жығылмады атқаным, –
деп, сонау бір алыс тағдырды, ұлы күйші тағдырын, оның
қайғы-арманын шертіп тұрғандай.