Жұмыс дедік,
бермедік тынысқа ерік,
жүр-ау содан жүйкелер жіңішкеріп.
Сілкіп сөйлеп, сондықтан жұлқып іштік,
көңіл тілер, сондықтан бір тыныштық.
Тыныштық па?
Тыныштық қайда саған,
мен де ізімді, деп жүрмін, Айға салам.
Алыс арман, асығыс көп үмітті
қуып жүріп талай тер төгіліпті.
Сүйген жарға ішпей-ақ тиіс, інім,
тыныштығын сол бұзса үй ішінің.
Жел мүжісе – қарт емен ормандағы
жапырағының тозарын ол да аңдады.
Тозбас үшін тоздыру кейде керек,
айқын ойды – ашық сөз бейнелемек:
кесім кестік,
кетістік,
тексерістік –
бір тыныштық үшін біз көп соғыстық.
Ерге жақпас болар ма ер кеңесі:
ал, термеле дос, қасты термелеші,
Күрес керек бір мықты,
күрес керек
тыныштықты қорғауға Жердегі осы!
1978