Кешкіғұрым ескенде тау самалы
менің жаным ғажап бір ән салады.
Ән саламын, сүйгелі бір сұлуды,
бір сұлуды сағынып аңсағалы.
Кешкі мұңнан, кешір дос, безінбедім,
кешу сұрар көбейді-ау кезім менің.
Бір сұлуды сүйдім мен,
бір сұлудың
енді маған болмасын сезінгелі.
Уақыт өтіп барады, бүгінгі әнім
тау-самалдай ойнақы, құбылмалы.
Жалтақтадым әр жаққа,
әр сағаттың
енді қайтып келмесін ұғынғалы.
1970, 1982