Бұлақ ағып барады жұмарланып,
сорлы көңіл үмітке жүр алданып:
Не жоғалтып біреуді – аңсай алмай,
не құша алмай біреуді құмарланып.
Күндер өтіп барады лек-легімен,
көңіл байғұс үмітін еткен үнем:
не тына алмай жерінен жеңсік тауып,
не қызығып біте алмай көктегіге.
Не ыза боп өзгеге тына алмастан,
не ырза боп өзіне қуанбастан,
талай парақ қағазды қартайтты ақын,
бітіп жатқан түк те жоқ бұдан басқа...
1970, 1982