Өтеді бар жаңалық мен арқылы,
жоқ бірақ шын жаңаның болар түрі;
кей күндер маған сыймай өтіп жатыр,
қаламын кей сағаттан мен артылып.
Біріміз бірімізге шақ келмедік,
азамат деп маған ел ат бергелі.
Өтер күн, менің барлық мінімді әкет,
жаңа таң, жаңа үмітімді ап кел бері!
Жаңаға, жақсыға да елек керек,
Сол елек көңіл шіркін демек керек.
Өкпелеп өтсін маған тағы бір күн,
қалайын бір күніме мен өкпелеп.
Жар салайын жаңаға өкіл болып,
ең соңғы қызылыммен бетімдегі.
Біткесін жаңа сөзім бос қалармын
газеті біткен киоскі секілденіп...
1970, 1982