түрлі.

Менің сыншыл іздегішім шындықты
Тісін қайрап мақаласын жазады,
Тоқырауы жоқ қоғамда осынау
Жалғыз тартам тоқыраудың азабын..

Досым менің
Сатылмайтын ер көңіл,
Костюм жақсы – ұзындығы келмейді,
айнала анық, көкірек сау, төс ашық –
Әттең бірақ әнге көңіл көнбейді.

Махаббаттан азып біттім мен мүлде,
Трактирде бір сайқалмен тіл таптым.
Сендер ірі болыңдаршы,
азбашы —
Мен құлдилап ұсатылдым, ұнтақпын.

Жыр мықты еді шақпақ қант сықылды.
Хоккейшілер шабуылшысы боп бақтым.
Ұйқастыруды ұмытыппын ақыры,
Түк өнбеді – тоқтаттым.

Бөтен құстар алыстан
Сәл күрсініп,
Сездіреді сәл қайғы.
Тізіліп кеп ұшады ғой тырналар.
Аққу бірақ олай ұша алмайды.
Сұрым менің,
не жайында жылайсың,
Жел өтінде,
Владимирге ақ мәрмәр?
Бұл нотаны ала алмаспын мен сірә.
Біттім,
Түк те жоқ қалған.

Тәулік сайын өлең-жырдан жеті том
Шығады екен бұл елде.
Ал, достар мен қалаларды аралап
Құтырған ит секілденіп жүрем мен.

Жаурап қалған ормандарға енемін,
Жаны кеткен таң нұрына,
Тағы да
Құпия бір құбылыстар кезіне,
Көктем толып,
жазға айналар шағына...

Сенем бірақ, менің ағайындарым
Екі мың жеті жүз он жеті ақын –
сол енді,
біздің федерацияның атынан
Менің үшін жазып берер өлеңді.

Білмейді олар азу-тозу дегенді.

* * *

Б. Ахмадулинаға

Біз – Құдайдың ұшырадық кәріне.
Жеп бітірдік алманы.
Ақында жоқ жолдас-серік әлі де,
барлық дуэт – дуэльдерге жалғады.

Біз – адамдар заңын бұздық талқан ғып –
бір-бірімізді ете алмадық нысана.
Ұсақ жандар ғайбат сөзі түсті үдеп,
Қанның араласынан ол күштірек.

Күнәкар жан туды бір –
Қара түнді кетті жарып үн әппақ.
Қараңғы, ылас болса егер Жер біздің.
Тууыңның өзімен
Жуып бердің шуақ боп.

Ірге тастай ауыр менің өлеңім,
Үнін жеңілдетсін дедім сен оның.
Әйел атаулының ең бір сұлуын
Таң сарғая саған дос қып беремін.

Мен Парижды аяғыңа тастадым,
Текті қайыршы, әрі бұлбұл,
сорыңды!..
Менің үшін әмір деген тек қана
Жырдың кепілдігі болып көрінді.

Жеңіс ғажап-ақ болды.
Хақтың қолы жетпес, дедік, көп арттық.
Зауал – жазалап келді –
біз өзіміз – өзімізді жоғалттық.

Тіршілікте қателестік біз оңбай,
басқа ешкімнің керегі жоқ,
Құдірет.
Маған қымбат жалғыз-ақ,
Жырлағанымыз қосылып бір рет.

РУХ ПОРНОГРАФИЯСЫ

Жұрт көзінше жігітімен сүйікті,
билейді қыз, тыр-жалаңаш расы.
Құтыр, дене!
Бар ғой бірақ рухтың
Порнографиясы.

Кейде баяндамашы
шешендігі құдірет-ау расы,
толы залға ашады өз рухының
порнографиясын.

Пикассоның түсінбейді түгін ол,
Стравинский – тозып біткен ұғым ол.
Мұндайлардан ұялар ед әдемі
Парижыңның
Кез келген бір жәлебі.

Биші әйелді жалаңаштап қиядан
Жіберген жұрт –
Солар үшін ұялам.
Ал, досымның жыр-көрші боп отырған
Әлсіздігі үшін тағы ұялам.

Миллионерлер құпия,
ауыртпалық түскен шақта еліңе,
Жақұт тағып жарқырасаң, тон киіп,
рухыңның порнографиясы
Көрінеді сенің де.

Бөтен қолмен мақаланы жазады,
Жан-досы үшін бас ие,
Қойылған қол сол мақала астына –
ілініп тұр рухының
порнографиясы боп.

Жиналыста – сілікпе етсе жігітті
Жарға опасыз болғаны үшін расы,
Ұятты жер ашылса екен деп тілер
Рухтардың порнографиясы.

Жалпы, қалай батылдарың барады!
Жиі-жиі сіз бен біздер ыржыңдап,
көргіміз бар жарығымен қоғамның,
болған шақта екеуге де бұл – жұмбақ.

Бірге жатпау керек еді әрине...
бірақ пиғыл көздерінің көргені
Әлдеқайда ұятырақ болады
Шындығында көргендеріңнен гөрі…

Стриптизді, экранды сөгіп бақ,
Махаббаттың кіндігін жап, солықтат.
Әйтсе де рух – ең бастысы,
Қараң қалсын, расы,
Рухтардың порнографиясы.

ТҮС

Біз тағы да табысыппыз,
Ал бізді
жүк машина алып жүрді жалғыз бір.
Нешінші рет ғашық болдық – кім білген,
бірақ мені сен танымай бүлдірдің.

Мені жетелеп әкелдің үйіңе.
Сүйдің әрі ерік бердің сүюге.
Біз талай жыл бірге тұрдық –
қонды бақ.
Мені таныған емессің сен бірақ.



ТАЗАРУ

Тазартайын Сенің қалың қарыңды,
Гаражға жол салайын.
Ауласымен ақ шіркеудің кәдімгі
Машинамды шығарып бір алайын.

Адалдықпен басып қалып сен мені,
Тазалықпен кірлеткенде кеудені,
Сені асфальттан тырнап-теріп алайын,
Сол минутпен толсын кеудем, бар ойым.

Сонша тыныш дала әппақ –
Жолдар жазып қаламыммен сиялы,
Түні бойы жыр толтырсам параққа
Ертесіне – түк жоқ болып шығады.

Сайтан алғыр, жалақтаған күрекпен
Тазартамын сенің тазалығыңды,
Дағды алмауың үшін маған килігіп,
Жүрмеуі үшін тұрмысыма билігің.

Бөтен Құдай – керек емес маған бұл,
Тойлаймын мен бүліктерді қараңғы.
Жолым – қара, кең әрі,
аспаннан да, Құдайдан да жоғары!

Жолым еркін, барған сайын лас, жаман.
Баяғыда-ақ қыңыр тірлік бастағам...
Қайта көрсем – таңданамын қатып құр –
Сен ағартып тұрасың бар уақытты.


М А 3 М Ұ Н Ы

Басынан!
«Ішті томпайтып алыпсың болмасқа…»
Нүктелер балладасы
Әкеме
Гойя
Тыныштық
Тына қалдық
Қабырғадағы жебе
Өсиет
Іңір жыры
Рублев тас жолы
Эпиграфпен әңгіме
Дастархан басында отыру тәртібі
«Жойып келед бостандығын бұл басым…»
Көне француз балладасы
Үй иесі әйелдер
Дүкенде
Гитар
Сібір моншалары
Сал үстінде
«Сендерді и