ірген),
Клавиатура боп кесілген майшабақ
жылтырата сыр жағылған аяулы,
Үн шығарды тістене.
Бірақ онша күшті емес.

Ал, капуста қабығында көгілдір,
Рокоттың айнасын-дағы сын-ды,
Он сегізінші ғасыр парик, бюст боп
Тәтті қиял қанатында ұшып жүр.

Атластың ажарымен судырап
Жұмыр иығы арман етті әйелдің,
Ыстық құшақта өлуді не, кемінде
Пугачевтың семсерінен өлуді.

Соңғы сәулелермен бәрі қапталды
Петергофтық үрдің қызы жатты әлгі,
Шпрот консервісіндей ашылған бір қасқайып,
Пьедесталдың сынығына бас қойып.

Расинді қарбыта асау – анық той!
Гастрономияның шыңы құсап дәл,
Столда дір қағады
Құмыраға сіңіп қалған Фет исі,
Құйқа-сорпа ұйытатын қалыптай.
Сиқырлықтар өліп жатты, іс бітті,
Тұнбасында жүз градус ыстықтың.

IV

Шарапшылар сегіздігі, тойлаңдар,
Тұрпайы стол қосып буған сал сын-ды.
Қан мен еттер таңдайларға татыған,
Жұмақ кештің таңдаулысы таусылды.

Азулары көкке қарап бұралған
Стол үстін – тұмсықтармен тұтады ел –
Қасықтары жылт-жылт етіп бейне бір
Келед жүзіп сегіз ескекті паром.
Міне, саған Харонның дәу паромы,
Суын кеш, сен, Стикстің қаралы.
Жағдай шатақ.
Сен осыған ие болсаң жарады.

V

Мен ішемін сұмдық бостандық үшін
бір мырс етіп кеттік жүзіп келмеске.
Нысанасы тимей кеткен оқтардың
Өлген мергенді алайық біз енді еске!

Қудым сені Үміт-Тажал жымысқы,
Ізіңді иіскеп ит секілді тіміскіп.
Оқтың бәрі тимей кетті ауа ұшып.
Дұғаңды оқы!
Тауысайық, қане, ішіп.

Аулатпайтын өнер үшін табысып.
Ішем бірақ оқтың ізі-табы үшін.
Таңдайыңа тағам бас!
Дыбысқа атып тигізбегендер үшін
Кек алмас бол, кек алмас!

Ал, сен кімсің? Бөпем, тани алмадым.
Жаңылыстың. Жат күнәсі болғаның!
Үндемейді ол.
Нәр сызбайды сыздана
Тек ернінде жылтылдайды мұз ғана.
Ал, сен ше? Сен?!
Сүюші ең ғой сен мені.

Ішем, еркің жетуі үшін бұ шақта,
Мына сұмдық қонақтықта –
Қолға алуға пышақты.
Өлтіргенді кешірер жұрт әр қашан,
Кешірмейді егер өлтіре алмасаң.

Көтеремін бокалымды қылмысты
агрессор, ұрыдай
Көз салатын қиянға,
айналаны зияндап,
Құдай құсап билік етер ұялмай!

Кешірімді ұқты аңдар
айрылысу мен шыршалардың исінен.
Түктерінен көз жастары сорғалап,
Олар да ішті қорықтарда, құтпанда.

VI

Ажалсыз боп ояндым, сірә, алақтап.
Жүгімізді сүйреледік қабаққа.
Сырғауылға сирағынан байлаған,
Шегін беріп ақ қаңылтыр табаққа.
Тойшыл ием келе жатыр салақтап.
Ізімізде,
уақыт жетпей құрғауға –
Тамған қандар домалайды құмға аунап.

ҚҰНДЫЗ

Жалғыз аяқ батпақты жол, кешқұрым
Құндыз көрдім. Жылады ол егіле.
Күрең түсті күрек тісі имиген
Стоп-кран тұтқасындай тегінде.

Алақанына тұра қалып қайғыра
(қабыршақты құйрығы оның тым ерсі)
Су перісі-мұртын тікірейтеді.
Жол бере ғой!
Жіберші тез, жіберші!

(Айла тапқан бұл жылауық зұлымдар.
Мекен-жайын жанап кетсең болғаны,
Шығады да жылайды
Экскаватор алдында да осы, әне,–
Экскаваторшылар тұра қашады!

Күшіктерімен шыға кеп
алақандарын жаяды,
моторлардан баспанасын қорғайды.
«Сіздерде күш –
Көздің жасы біздегі,
ырылдағанға – ырылдамай болмайды!»)

Жанарында мына кәрі сәбидің
көз жасы тұр тым ерсі.
Сен немене – су ағатын шүмек пе ең?
Жол бере ғой!
Қане, жібер, жіберші!
Жылайсың ба барады деп су қашып?
бәлкім, әлденелерді
Құтқар деп жалынғаның ба?
Үйшігіңді бұзғаны үшін
кек алғаның ба әлде бұл!
Көз жас жатыр көлкіп менің жолымда.

Неге менің тізем дірілдеп кетті?
Тоқтатқан жоқ-ты әзірге
Ярославна телефоны да,
Құтырған патша-аңның көз жастары да.

Немесе өзен иірімдері, су маңы
Түгел жолға шыққан ба
Өткізбеуге мені осы,
Әлде жылауық Әулиенің Бейнесі,
Келтіру үшін тәубеге
Құдайсыз боп өскен мені туғалы?

Құндыз, менің жылдарым бол, сайым бол,
жылауға емес,
Күресуге дайын бол,
Жолды тосқан кінәлаушы, жоқтаушы,
Жүректерді күдік, мұң боп талаған
Құндыз, құндыз, бол аман!

Бастырмайтын аяқты,
Жете алмайтын аяқ түгіл, көз жасың
Жүргізбейтін, өткізбейтін – о Құдай!–
Өткел бермес көз жасы...

Ұрдым оны. Сілейттім кеп таяқпен,
Кенет артқа бұрылып ем аяп мен:
Беті-жүзі жасқа бөгіп былжырап –
Жолды тосып тағы бірі тұр жылап.

РОМАНС

«Жол үстінің қонағына есік аш!»
Аштым шығып –
табалдырықта әппақ-ақ,
шаршыдағы суреттей есуас
ақ шалбарлар тұрды әппақ, ақ балақ.

Жүрген, сірә, теңіздің ық жағымен
Су киімі жабысыпты денеге.
Қырға шыққан білем, сірә,
Тыныстау үшін тарлықтан,
Польша тоғасы ма белде, немене.

Спортшы қыз білмеуші еді тынысты,
Келетін тек таңда,
Кейде ақшамда,
Лашығын жалдап тұрғам бір кемпірдің жымысқы –
Қара түнде ақ шалбар.

Ақ шалбарлар, түннің ұсақ ұрысы,
Қайда, іште ме молния-ысырма?
Шар тәріздес молния боп, құрысын,
Ұрлап кеткен, ұрлап кеткен тұсында.

Аһ, сен, менің әппақ қана желкенім...

Алғашқы жас. Сап-сарала алыс қыр,
Сорлы шалбар, көп қыдырдың, таныстың...
Не болады айрылысу мен
Туса басқа қара түн
ақ құйындай үйірілген балағың?


ЖЫР ТУМАЙ ТҰР

Мен – тоқырау үстіндемін.
Жан меңреу.
Күн сайын бір жол жазам, деп, екпіндеп,
Қайрайды дос,
ал менде –
бір жол да жоқ, жоқ күн де.

Менің далам жатыр үнсіз түкпірде,
Заводтарым тоқтап қалды сиқырлы.
Жанның жұмыссыздығы
Есінейді бір