ан тоқтықтың –
еркіндік бер ерке құстың басына...

Түсінбеймін, құрметтеймін бірақ та
базардағы қатындардың мінезін.
«Мінің бар қыз шығарсың, сен, солай ма?
ақымақ қыз, абайла!»
Қанша күттің серіні сен… қу Құдай!
Еденді көп жудың-ау.
Қоспа металл емес,
алтын – сонда еді!..
Босат құсты!
Оралмады ол, келмеді.
Үш күн, үш түн араз болдық екеуіміз,
Сенісуіміз үшін де желпіне,
Қасіреттің босат тәтті тұтқынын,
Жібер құсты еркіне!

Қолда тұрса шымшық – емес ертегі,
аспанға бер еркені!
Құстарды аулау – еркектердің жұмысы,
ал, босату – әйелдердің ұлы ісі!..
Сырға бөккен саусақтар,
Самолеттің қанатындай қарағанға төменнен,
Отты белгілер боп құйылады базар үстінде,
Құсты босат дегенмен.

Ғажап хабаршы болды ма ол сорлы да?..
Бас киімде базарлықтың орнына
Құстың қауырсыны тұрар желбіреп,
бұ қалпақтың иесі өз кезінде
Құсқа жақын болды деп.

* * *
Қара меңді қызыл қоңыз шалқалап,
Жатыр қоңыр қарнын тосып жоғары,
Қара меңді қызыл кесе секілді,
Суыған шәй құйылғандай ол әрі.
Өлгені ме?
Әлде, әлде әдейі өлген бола ма?
Бірақ шайдан көтерілген бұрқырап
бу секілді
Жаны көкке барады ұшып шырқырап.

ЕМЕНДІ МАДАҚТАУ

Свитезиян таң шапағы жанды әне.
Бір нақыл сөз жанып-сөніп тұр талып:
«Егіз-емен. Ескерткіш бұл,
табиғаттың салғаны
Маңызы бар республикалық».

Мицкевич келген сүйген қызымен.
Қыз ұялды – расы ма?
Әлгі ескерткіш үстеріне төгілген,
Жазу құсап жапырақпен жазылған
Сикстин капелласына.

Жалынған ол: «Жасырынайық тезірек,
Түнгі жаңбыр, кездейсоқтық жағына
бұлшық етті иығыңның өзіне
берейін мен күллі әлемдік мағына!»

Иыққа сол, дымқыл әрі жылауық
виоленчельдік емен жапырақтары
Жабысып қалды бірауық.

Табиғаттың ұлы ескерткіштері!
Түйсіну үшін күн бұрын:
Екатерина қайыңдарын,
Неке тіркеу тоғайын,
Облтеңіз,
И. О. арқан-балықты,
ара, Россия көшесіндей сарғыш әрі бір қырын,

тірілту үшін бұланды
реставратордың ісі ғана қалып тұр.

Қоян Бүкілодақтық!
Барасың-ау сен де ескерткішке айналып,
Көне тарих көзіндей
құрып бара жатырсың,
Жолаушының түйіншегі секілді
Жолға алатын ең ақтық.
Рембранд сын-ды тізім-қысымда
Отыз бес-ақ қасқыр бар
Горький облысында.

Мұқабалық асылдар,
Сығымдалып,
әрі оралып болған жүк –
Сүйем сені облыстық жөкелер,
Сені, емен, аудандық.

Дәрежесі қандай мынау аспанның?
Қайдан бәрі басталды?–
Табиғаттың бөлігі ме, тарих па?
Табиғат па, бөлшегі ме тарихтың?

Біз – егізбіз.
Екі жақты агенттерміз әрі ізгі,
Қос діңді емен тәрізді,
екі жақты да аласың:
табиғат пен мәдениет арасын,
Саясат пен махаббаттың арасын.

Үкі ілініп ұйықтайды ағаш-бұтаққа,
Батория куә-көзі асылы ол,
телефон-автомат сын-ды
Мекемелер категориясынан.

Жан қысылды, айқай-сүрең бар тағы,
Иесіз тұл қалған, ал,
Бөтен жаққа ескерткіштер тартады
Маңызы анықталмаған!

Бәрі атжалман қақпанынан құрыған,
Олар енді...
Пьедесталға бекер жүк.
Аузын ашып, сұрлана
Микеланджело «Түні» басын көтерді.


Н. В. ГОГОЛЬДІ ЖЕРЛЕУ

Шіріп-бұзылудың белгілері анық
аңғарылғанға дейін менің денемді
көмбеу керек. Мұны ескертіп отырған
себебім, осы аурудың кезінде тұла
бойымнан жан кетіп, тамырымның
тоқтап қалған кездері болып еді...

Н. В. Гоголь, «Өсиет».

І

Тірі адамды ел үстімен келесіңдер көтеріп!
Ұйқыда еді Гоголь летаргиялық.
Табытында шалқасынан жатып ап
Гоголь ойға кетеді:
«Жаңбыр үні естіледі тақтай қақпақ арқылы
бірақ тамшы ақпайды,
Жоқтау үні естіледі сарқылып,
түсінемін, бұл үн мені жоқтайды.
Сіздер мені тұрсыңдар ғой қаумалап,
Жай бақылап,
Қасіретпен қап-қалың,
Мұрным менің бетіме қалай батқанын,
бәкі-пышақ жүзінен бір аумай нақ.
Некрофил емеспін! Ол сендерсің!
Мола үстінде сайрайтұғын құбылтып,
Өлген кезде еске алар,
тірі кезде ұмытып.
Тәнім жүдеу, күнәкәр жанды керемет
Жоқтау, дауыстар астында құлазып,
Қайтарыңдар сандыққа сап шегелеп
«сұрап алсын» деп жазып.

Нева – летаргиялық,
Летаргиялық кереңдік –
Ұмыту сөз, өлеңді...

II

«Отандастар, қабағымды көтер тез,
Летаргиялық ғасырда
Мылжыңдықтан ояныңдар расында.
Кірпігімді аш, қабағымды көтер тез!
Оят мені, жас ұрпақ,
Кітабымды парта астында оқығаның үшін сен,
Менің халімді мұқият түсін сен.
Жоқ, барады екеу-екеу боп кетіп;
Белім ұйып Уфа астында қас қағым,
Одессада – ми айнала бастады.
Бір әйел келді, түсінігі бар тағы...
Жоқ – мұрынын тартады!
Күлкі орнына ашылды бір масқара.
Мен еткен іс шағын күшпен – жасқана.
Мойныма маса қонды – тістеді,
тек жалғыз сол түсінгендік істеді.
Денем менің тұмшалаған жанымды,
Түйсігі жоқ тас секілді кәдімгі.
Күш бер, Құдай, көтерілсін бас мына
Құлау үшін аяғыңның астына».


Летаргиялық жан рахатын бөлек қой,
Летаргиялық айқай, шу –
Ұйықтау, ұйықтау керек қой…

«Ұшып бара жатып аштым табытымның қақпағын
таң саз берер шақта бір,
көп қатпарлы саңырау құлақ құсатып
дән-ұрығын шашып салдым ұсатып.

Күттім хрусталь табытта,
Көп дән сын-ды бір қауызбен қапталған,
Жасқаншақтау патша қыздар бұршағын
Неге күттім? Есер боппын мұнша жыл.
Ғұмыр шіркін тым шағын!

Ғұмыр жылдар қабатымен кетті ұшып,
стақаннан ұшатұғын арзан бір
ауа көбігінің жылд