бағалағандықтан биік мақсаттарға шақыру, жақсы ақындарды
өздерін-өздері қызықтау, өз сөздеріне өздері тамсану қаупінен
алдын ала сақтандыру тұрғысынан айтамыз.
Поэзия – кəсіп емес, өнер. Ал өнерді оның танымынан
бөліп қарауға болмайды. Өнер тану – күнделікті баспасөздің, кітап баспаларының редакцияларынан басталады. Жаңа
жазылған жыр жинақтарының (топтама, цикл) алғашқы сарапшылары – сондай жерлерде отырған адамдар. Жинақтың
жақсы шығуы (əрине, жақсы жазылған жинақтың) солардың
білім-парасатына, талғам-таразысына байланысты. Өнерді
сыйлайтын ешбір автор (бұл жерде ақын) əлі жарық көрмеген
қолжазбасының кем-кетігін тап басып айтқанға ренжімейді,
қайта алғысын айтады. Өз еңбегін жақсарта түсу жолында
жан аямай еңбек етеді. Жақсы редактор – адал дос, жанашыр471