Жуықта ғана республикалық басылымдарда «Əдебиет
пен өнер саласындағы 2010 жылғы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Елбасымыздың
жарлығы жарияланды. Онда тəуелсіз еліміздің Əнұранының
авторлары: композитор Шəмші Қалдаяқовқа (марқұм) «Ба-
қыт құшағында» əндер жинағы үшін жəне ақын Жұмекен
Сабырұлы Нəжімеденовке (марқұм) «Менің Қазақстаным»
өлеңдер мен дастандар жинағы үшін Мемлекеттік сыйлық
берілгені жазылған. Ресми тілмен жазылған, осы шағын ха-
барды қаймана қазақ бас киімін аспанға ата қарсы алғаны
анық. Олай болмағанда ше! Кезінде таланттары бағаланба-
ған қазақтың екі ұлы – қос жұлдызының бағы жанды. Ештен
кеш жақсы, бұл да болса тарихи əділеттік орнады деген сөз.
Əндері əлі күнге халықтың аузынан түспеген, уақытында
композиторлар одағынада мүше бола алмаған, бар-жоғы 60-
қа жетер-жетпестен жоқшылықпен өмірден өткен Шəмшінің
еңбегі ешкетпей, мемлекеттік деңгейде бағаланды. Ал, бар-
жоғы 48 жасында өмірден өткен Жұмекен ақынның маржан
жырлары мен прозалық шығармалары өз кезінде бағаланды
деп те айта алмаймыз. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінде
қазақ жастары шырқап салған «Менің Қазақстаным» əні ар-
қылы екі автор осылайша қазақтың көгінде жұлдыз болып
жарқырады. Халыққа ұнаған əн ақыры Əнұранымыз болға-
ны – олардың тума талант екенін көрсетсе керек. Сол ақ көй-
лек, тамырларында қазақ қаны бүлкілдеген екі ұлымыздың
есімі мəңгілікке тас боп қашалып, өздеріне өздері ес керт кіш
орнатты. «Өткір пышақ қап түбінде жатпайды» деп қазақтар
осындайды айтса керек.
Қазақтың лирик ақындарының бірі – Жұмекен Нəжімеде-
новті қарағандылықтар өз ақыны санайды. Оның кіндік қаны
тамған жер Атырау облысы Теңіз ауданының Қошалақ ауы-
лы болса да, бір кездері оның табаны Сарыарқаның төрін дегі
Қарағандыға тигенін көпшілік біледі. 1955 жылы Алматыға
оқу іздеп келген бозбала Жұмекен сол кездегі комсомолдық
шақырумен Қарағанды көмір бассейніне жұмысқа барушы
жастардың қатарына қосылады. «Лениншіл жас» газетінің
1955 жылғы 11 қыркүйектегі санында сол айдың 8 күні Абай
атындағы Опера жəне балет театрында Қарағандыға жұмыс-
қа баруға тілек білдірген жас патриоттардың жиналысы бол-
ғанын хабарлайды. Осы үлкен жиналыста Қарағанды көмір
комбинатының директоры П.Иноземцев, Қазақстан Ком-
мунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы
Л.Брежнев сөз сөйлеген екен. Сол «Лениншіл жас» газетінің
16 қыркүйектегі санында «Шахтаға мен де барамын» атты
екі шумақ өлең басылады.
Ежелгі менің арманым –
Шахтер боп шығу болатын.
Қиялмен шарлап лаваны,
Жүрекке шаттық толатын.
Қолымда міне, жолдама,
Жарқ етті сол бір арманым.
Тұрыңдар, достар қатарға,
Шахтаға мен де, барамын, –
деп жазып, соңына Жұмекен Нəжімеденов, Қарағанды көмір
бассейніне баруға тілек білдіруші комсомолец деп қол қой-
ған. Сөйтіп, бір вагон қыз-жігіт комсомолдық жолдамамен
жолға шығады. Сол жылғы 18 қыркүйек күнгі «Комсомолец
Караганды» деген жастар газетінде сол патриот өрендердің
Қарағандыға келгені жөнінде суретімен мақала жариялана-
ды. Міне, біздің кенді өлкемізге келген 60 шақты жастың
ішінде домбыра ұстаған Жұмекен де болған еді. Сол жылы
күзде ол бұрынғы 33/34, кейінгі «Майқұдық» шахтасында кө-
мір қабатын тіреуші (крепильщик) болып жұмыс істеп, сол
кəсіпорынның №3 интернатында тұрған. Сегіз қырлы, бір
сырлы Жұмекен өлең жазумен қоса домбырамен əн айтып,
күй тартатын, тіпті, өзі де əн шығаратын болған. Осы өнерінің
арқасында ол Қарағандыда да көзге түсті. Жұмыстан
қа жып жүрсе де сол 33/34 шахта жанындағы клубтың көр-
кем өнер паз дар үйірмесінің белсенді мүшесі болады. Соны-
мен қатар, Кеншілердің мəдениет сарайының жанындағы
əн-би ансамбліне қатысады. Ол осы өнерінің арқасында 21
жасында Мəскеуді көріп, атақты Колонналы залда əн шыр-
қап, домбыра тартады. Себебі, 1956 жылы кəсіп одақ тар дың
ұйымдастыруымен бүкілодақтық көркемөнерпаздар бай қауы
болған. Сонымен қатар, осы байқаудың жеңімпаздары əй гі лі
XX съезд делегаттарының алдында концерт береді. Осылай-
ша қарағандылық өнерпаздар əрлі-берлі жолы бар, бар лы ғы
бір ай жүріп келген екен. Оларды сол кездегі об лыс тық кə сіп-
одақ тар кеңесінің төрағасы Əукебай Кенжин бастап барған.
Жалпы, Жұмекеннің азамат болып аяғынан тік тұруына,
саяси көзқарасының қалыптасып, ой-өрісінің ұштала тү суі-
не, оның бір жылдай Қарағандыда болуы үлкен ықпал етсе
керек. Пролетариаттың ортасында болып, жер астындағы
ауыр жұмысты көрген жас жігіт ерте есейіп, өмірге биіктен
қарау ға, патриот болуға ұмтылған тəрізді. Оның сол кездегі
көзі ашық, көңілі ояу мықты қазақтардың бірі – Əукебай
Кенжинмен таныс болып, оның ағалық қамқорлығында бо-
луы көп ықпал еткені анық. Мəскеу сапарында оның қасында
бір ай еріп жүргенде талай ақыл-кеңес алғанға ұқсайды.
1956 жылы Алматыға оқуға баруға да ақыл қосқан сол Əу-
кең болғаны сөзсіз. Олай дейтініміз, жолдамамен келген
комсомол мүшесін шахта басшылары босатпағанда көмек
қо лын созған тағы сол Ə.Кенжин болатын. Жұмекеннің құ-
жат тарын алып беріп, қамқор аға оны астанаға аттандыра-
ды. Сонымен, 1956 жылдың күзінде Жұмекен Нəжімеденов
Алматы консерваториясының студенті атанып, халық аспап-
тар бөліміне оқуға түседі. Сол жылы, сонау, Шымкенттен
Шəмші Қалдаяқов деген жас жігіт осында оқуға келеді. Сөй-
тіп, бо ла шақ ұлы ақын мен ұлы композитор, тəуелсіз Қа зақ -
стан ның əнұранының авторы осылайша консерватория да то-
қай ла са ды. Ақкөйлек екі қазақтың жігіті осылайша кездесіп,
достасады. «Менің Қазақстаным» тəрізді əн ұран ға сұра нып
тұр ған туындының өмірге келуіне сол кездегі сая си, əлеу-
мет тік, экономикалық жағдай əсер еткен тəрізді. Біріншіден,
1956 жылы жеке басқа табынушылыққа соқ қы беріліп, Ста-
лин нің темір құрсауы босаңсыған, «саяси жы лы мық» келген
тұс. Яғни, азаматтардың еркіндік самалын жұт қан кезі. Сая-
сатта болып жатқан өзгерістерді Жұмекеннің жақ сы бі луі,
біз жоғарыда айтқан көзі ашық қазақ Əукебай Кенжинмен
аралас-құралас болуынан екені анық. Əукеңнің рухани іні сі-
не саяси əңгімелерді айтпауы мүмкін емес.
Екіншіден, 1956 жылы тың игеріліп, Қазақстан тұңғыш
рет миллиард пұт астық берген еді. Сол үшін Ленин ордені
елі міз дің туына қадалды. Яғни, 1956 жылы 20 қазанда КСРО
Жо ғары кеңесі Президиумының К.Ворошилов қол қой ған
жар лы ғы жарияланды. Ал, 22 қазанда Алматының үкі мет үйі-
нің алдындағы қазіргі «Ескі алаң» деп аталатын жерде осы
оқи ға ға орай, үлкен митинг өтеді. Осы алаңнан таяқ тастам
жерде тұрған консерваторияның студенттері оған қатысуы
анық. Осы митингідегі асқақ көңілдің əсері болар Жұ ме кен-
нің «Менің Қазақстаным» өлеңінің бірінші нұс қа сын да:
Біздің ел Орденді,
Көтерді туларын.
Ел мен ол тербелді,
Тербеле жырладым, –
деп жазады. Яғни, өлеңнің жазылуына Қазақстанның орден-
мен марапатталуы əсер еткен іспетті.
Үшіншіден, 1956 жылы Мəскеудің пəрменімен Оңтүстік
Қа зақ стан ның екі қазақ ауданы Өзбекстанға берілген еді.
Осы оқиғаға қарсылықты ашық білдіре алмаған, бойларын-
да қазақи қан қайнап тұрған екі ұл – Жұмекен мен Шəм ші
Қазақстанның жері кетіп бара жатқан кезде «Менің Қа зақ ста-
ным» əнін жазып ішкі қарсылықтарын білдіргенге ұқ сай ды.
Олар тоқымдай жерін жауға бермейтін ер қазақтың балалары
емес пе?! Осылайша, 1956 жылы жазған «Менің Қа зақ ста-
ным» əні тура 30 жыл өткенде 1986 жылы желтоқсан кө тері -
лі сін де шырқалды. Ал, тура 50 жыл өткенде 2006 жылы елі-
міз дің Əнұранына айналды. Елу жылда ел жаңа деген осы.
Мақаланың соңында «Менің Қазақстаным» əнінің шығу
тарихын зерттеген, Жұмекеннің Қарағандыда болғанын мұ-
ра ғат құжаттары арқылы анықтаған, оның жоқтаушысы атан-
ған бір азамат бар екенін айтқымыз келеді. Ол – облыстық
сот тың судьясы Марат Ақторғайұлы Азбанбаев. Ақынның
өмір бая нын анықтау үшін республикалық, облыстық мұра -
ғат тар ды ақтарып, республикалық газеттердің қиындыларын
тауып, бір шеті Жұмекеннің туған ауылы құм ішіндегі Қо ша-
лақ қа, Алматыға сапар шегіп, көп еңбек сіңірді. Осы əннің
елі міз дің Əнұраны болуына өзіндік үлес қосты. Судья Марат
Азбанбаев 2005 жылы ақынның 70-жылдығына арнап шы-
ғар ған өзінің «Менің Қазақстаным – ЖҰМЕКЕН» деген кі-
та бы ның 38 бетінде былай деп жазады: «Ұлттық тіл, ұлттық
мə де ниет ке қызмет еткен Жұмекен ешкімге қарыздар емес,
қай та біз оның жырының, рухының, қайталанбас қос талант
əлем ге əкелген əдемі, əсем əн «Менің Қазақстаным» алдын-
да қарыздармыз. Ұлттың ұлттық тұлғаларын тиесілі, тиісті
тұ ғыр лары на көтеру қажет! Ежелгі аңызға сай əн қонған ел
са нал сақ осы екі тұлғаға ескерткіш соқса. Ескерткіш «Қазақ
əні» деп аталса... «Біреуден біреу артылса, өнер өлшеніп тар-
тылса», – деген Абай ұстанымына сай өлең өнерінде қандай
да болмасын атақ пен сыйды өнерлі өмірден өткен соң беріл-
сін деген ереже енгізілсе не болар еді? Тірілерге берілсе, өл-
ген дер ге неге бермеске? Шəмші мен Жұмекен өнері ер лік ке
пара-пар дүние. Бұлар өмірлерін өнерге қиды! Көзге көрін -
бес мə де ниет майданында қайтыс болған азаматтар ғой. Ер-
лік ті өл ген нен кейін де бағалайтын үрдіс ежелден белгілі».
Осыдан бес жыл бұрын айтылған бұл тілек періштенің құ ла-
ғы на шалынып, жүзеге асты. Осылайша қазақтың қос та лан -
ты ның жұлдызы жарқырап жанды. Лайым, ұзағынан сү йін-
дір сін!