Ақын Жұмекен Нəжімеденовтің проза жанрында да қа-
лам тербеген дарын иесі екені бəріне мəлім. Оның «Ақ ша-
ғыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» атты романдарын
айтпағанның өзінде соңғы жылдары жарық көрген повестері
мен əңгімелері қазақ прозасына қосылған рухани асыл дү-
ние екендігін атап өткен жөн.
Ж.Нəжімеденовтің дарынды домбырашы болғаны да көп-
шілікке белгілі. Оның орындауындағы Құрманғазының «Кіш-
кентайы», Мəменнің «Қайғылы қарасы», Сейтектің «Зама-
найы», Динаның «Он алтыншы жылы», Дəулеткерейдің «Жі-
гері» мен «Салық өлгені», Қазанғаптың «Көкілі» мен «До-
малатпайы» Жұмекеннің жоғары орындаушылық шеберлігін
танытқаны даусыз. Ал, ақынның қаламынан туған «Күй
кітабы» (1967) қазақ поэзиясының алтын қазынасына айнал-
ды. Ақын бұл кітабында Құрманғазы, Дəулеткерей, Тəттім-
бет секілді дəулескер күйшілердің күйлерінің шығу тарихын,
оның ішкі табиғатын жырлайды. Қазақ əдебиетінде дəл Жұ-
мекен Нəжімеденовтей əрбір күйді поэзия тілінде сөйлеткен
ақын жоқ деуге толық негіз бар.
Жазушының проза жанры бойынша қалам тербеген
«Абыл» атты əңгімесі осы циклдың жалғасы іспетті. Автор-
дың бұл əңгімесі өзге əңгімелеріне қарағанда бөлек. Шығар-
ма табиғаты əңгіме жанрынан гөрі публицистикаға, кей тұс-
тар да сын мақалаға ұқсап кетеді. Бұл автордың күй мен күйші
табиғатына терең бойлай алғандығынан. Жазушы Абыл бей-
несі мен оның осы аттас күйін жалаң суреттеп қана қоймай,
күйдің ішкі иірімдеріне өнер зерттеушісінің көзімен терең
барлау жасайды. Түсінікті болу үшін оның əр пернесінен, əр
ішегінен шыққан дыбысқа көңіл аудартады. Күйді сипаттай
отырып, оны адам өмірінің белестерімен салыстырады. Күй-
дің шынайы əрі адал табиғатына үңілдіреді, күйдің алуан
түрлі сыр толғайтынын əдемі суреттейді. Сөзіміз нақтырақ
болу үшін шығармаға назар аударайық:
«Күй күрсініп жіберді. Үлкен бір өкініш, қайғы-күйік
бар. Ез қайғы емес, ер қайғы. Күй: «Жеңдім, бітірдім» деп
төс ұрып отырған жоқ, «жеңе алмадың, бітіре алмадың» деп
ерегіседі. Əлдекімді қайрайды. Əлдекімді өзіне-өзі қарсы
салады. Қарыс қайратқа ешкімнің батылы барар емес. Күй
əкетіп барады, əкетіп барады. Қаумалаған адамдар үнсіз.
Күйдің бітетін түрі көрінбейді. Өзі төрт бөлек, төрт кезең
екен. Адам өмірінің төрт белесі іспеттес. Балалық – жастық,
егделік – кəрілік. Екі ішек кезек-кезек бебеулейді. Астыңғы
ішек (қатты ішек) күш-қуат, ашу-ыза білдіреді. Үстіңгі ішек
(бос ішек) бұған қарсы мұң, езілу, түңілу сөзін айтады. Екеуі

бір домбырада тұрғанмен, екі түрлі сыр түйеді. Екеуі бір
күйшінің саусағы астында жатқанмен екі түрлі емеурін та-
нытады. Екеуі көп жерде келіскенмен, көп жерде шалыс ке-
леді. Біреуі, үзілдім-ау, тындым-ау деп ышқынса, екіншісі,
ерегіскенде тынбаймын, үзілмеймін деп күдірейеді. Екеуі де
нанымды сөйлейді. Қалтқысы жоқ, шын сөз» (79-бет).
Күй табиғатын дəл осылай қара сөзбен түсіндіру қазақ
əдебиетінде бұрын-соңды кездескен емес. Күйді бұлайша
сезіну, осылайша түйсіну қаламгердің ішкі интуициясының
мықтылығын көрсетеді. Өзі де ғажап күйші болған автор-
дың «Абылды» суреттегендегі əр сөзі, əр сөйлемі домбы-
рамен бірге сөйлегендей əсерге бөлейді. «Күй күрсініп жі-
берді» деген сөйлемнің өзі-ақ бұл күйдің Абыл басындағы
ауыр жағдайды толғайтынынан хабардар ететіні анық. Автор
осы ғажап образды бірінші сөйлем арқылы-ақ шертілмеген
күйдің шерін ағытады.
Қаламгер бұл күйдің шығу тарихын Абылдың ішкі моно-
логы арқылы таратады: «Атағы бүкіл Атырау алабына белгі-
лі күйші болыпты. Одан не тапты? Қандай пайда болды? Түк
те. Ойлап тұрса көрмеген азабы аз екен. Соның бəрі осы бір
қара домбыраның кесірі. Жұрт құсап тымағын киіп, түйесін
бағып жүре берсе, мұнда кімнің не шаруасы бар? Əй, қара
домбыра-ай, қайтейін. Сен домбыра болмай, мылтық болсаң
мұндай қуғын көрмес еді ол... Бұл да басқалар құсап дүниеге
келді, енді, міне, басқалар құсап сол дүниеден өткелі отыр.
Қайта жұрт ат мінді, ас ішті. Мұнда ол да болған жоқ. Сонда
күндегені күй ме?» (79-бет).
Автор осылайша күй мен күйші тағдырын параллельді
түрде қатар өрбітеді. Əңгімеде жазушының бұл тəсілі өте
сəтті шыққан. Белгілі орыс зерттеушісі А.Дремов өзінің
көркем шығармадағы көркем бейне туралы еңбегінде жазу-
шының өз кейіпкерімен біртұтас болып кететінін былайша
суреттейді: «Писатель живет жизнью того человека, образ
которого он создает. Все более отчетливо он представляет
его душевный строй, темперамент, слышит его голос. В про-
цессе творчества художник как бы перевоплощается в своего
героя» (Дремов А. О художественном образе. Москва, 1956,
101 стр.).
Бұл тұрғыдан алғанда əңгіме соңындағы соңғы абзацта
көркем əңгіме авторлық көзқарасқа ауысып кетеді. Бұл баян-
дауда автордың өз өмірінен келтіретін деректер де бар. Мы-
салы: «Тыңдап байқасаңыз, «Абыл» қымыз ішу мен қыды-
рыс қызығынан тумағанын өзі айтады. Сіз тек тыңдауды ғана
біліңіз. Өнер институтының студенті, жас күйші «Абылды»
жеткізе алдым-ау деймін сізге» деген жолдардан жазушы-
ның өз прототипін тануға болады. Жас күйші – жазушының
өзі. «Өнер институтының студенті» деп отырғаны да өзінің
сол кездегі Өнер институты, кейінірек Құрманғазы атында-
ғы Мемлекеттік консерватория аталған оқу орнында оқы-
ған жылдарын меңзейді. Дегенмен, «Оның үстіне «Абыл»
күйінде ғаламат зор арман бар. Мұны ажал аузында жатқан
кісі шығарып тартты деген сөзге сүйеніп айтып отырған жоқ-
пыз. Домбыраның соңғы, сағалық (ре) пернесіне келіп қадал-
ған саусақ соны айтады. Əдеби шығарманың шарықтау шегі
секілді» (80-бет) деп жалғасатын жолдар көркем бейнелеу-
мен басталған əңгіменің ғылыми-монографиялық стильге
қарай ауысқанындай əсер қалдырары сөзсіз. Қысқасы, ұлы
күйшінің тағдырын, оның қайғы-арманын қағазға түсіруді
ниет еткен жазушы қалай дегенде де өз мақсатына жеткен
деп айтуға толық негіз бар.

«Абыл» əңгімесі өзінің құрылымы жағынан да, сурет-
теу тəсілі жағынан да қазақ прозасында өзіндік орны, ерек-
шелігі бар сүбелі шығарма. Осы əңгімесі арқылы да Жұме-
кен Нəжімеденовтің шынайы өнерді бағалай білетін əрі күй-
дің ішкі табиғатын жете түсінетін қаламгер болғанын анық
көреміз.