Тынбадым мен ақ таңға, бар жүйкемді оятып, сөзді оңай тапқанмен, орнын таппай қоятын. Іздеймін тағы жақпаса, азабына төзермін. Сөздің орнын таппасам, табылар емес өз орным. 1969