«Таңда, – депті, – екі асыл бар, жас жігіт!
ыстығына темір балқыр, тас жібіп –
Махаббат деп атапты оны қас қылып,
Әлемдегі жамандық пен жақсылық.
Ал, біреуі байлық – атақ – кісілік,
Сүюді ол жын-шайтанның ісі ғып,
Қатаң тәртіп қазанына пісіріп
Өзін-өзі түйіп ұстар түсінік.
Сен ұқпайтын бір құдірет бар мұнда:
Құдіреттілер елпең қағар алдында?! –
Қызыр ата таң алдында кез бопты,
«Қане, жігіт, қалауыңды ал, тез! – депті, –
Махаббат па?
Байлық, бақыт жоқ онда,
Жел секілді аунарсың тек көгалға.
Жалғыз досың... безер сенен о-дағы,
түбі ажалың – әйелдерден болады,
түсіндің бе?» – дей бергенде, жас жігіт:
– Атажан-ай, менде де жоқ басқа үміт,
Махаббат бер,
ашылсын кілт, есіктер –
Не берсең де махаббатқа қосып бер.
Байлық, ерлік бітті бедел түсіріп,
соның бәрі бақыт емес, түсінік –
Қайырымды қарт қоржынына қол салды,
Уысына қалша ілінсе – сонша алды.
Махаббатты – қазынаны бұ сын-ды
Жас жігітке жомарттықпен ұсынды,
Сөйтті де шал судай еріп жоғалды;
Жігіт аң-таң, не берді екен деп әлгі
алақанын ашып көрді: О, сұмдық!
Шошып кетті (біз де бірге шошындық) –
тиындарға сатылатын кәдімгі...
Мұндай мүсін өңінде де мәлім-ді:
Кетті оянып:
Жыпылықтап жанары
«Түсім ғой?!» деп жұбанып, сәл іркілді;
Сонда өз жары ұйықтап жатқан
Жаңағы
Қуыршаққа ұсап кетті бір түрлі...

1980