Тау төсі ақ көбік, ақ айран –
қара бұлт жалайды жата қап.
Аспанда жүзді бұлт дақ болып қарайған,
сол үшін бұлт деген атақ ап.
Кәрлі бұлт түнеріп қараса жан-жаққа,
жасыл көл кеш дейді сүтіңді ақ,
Қарт шыңдар шыдамай қорғасын салмаққа
майысар секілді сықырлап.
Тамшылар шөпке ұйып – мөлдірлік,
мөлдірлік дегеннің шарты бар:
Жасапты табиғат тауды да көлгір ғып,
бұлтқа шытынап, күнге жарқырар...
1963, 1982