Саған ыстық естіледі әуелгі үн,
сезім – тұман, басар ол да мұнартып;
Пәтерінен кейде сұлу әйелдің
көкше мұздың көшкен орны мың артық.
Саған әйел тілер едім жалғаннан,
Кейде одан бақыт тапқан жан емен.
Кей әйелге ғашық болып жанғаннан,
сөнген артық – жазып шығып жаңа өлең!

1965