О! Мөлдір аспан, мөлдір аспан!
сен егерде көзі болсаң адамның.
үйренер ең ұшқын аулап, сыр бағып.
Қабат-қабат тұнар болса саған мұң,
Ашылар ең бір жауып.
Ұзақ ұстап тұра алмас ең күлкіңді,
ұзақ ұстап қалмас едің бәрін де.
Адамша ұйықтап өткізер ең бұл түнді
сен адамның көзі болсаң, әрине.
Сен адамның көзі болсаң, шіркін-ай,
Таңданар ең біздің ғажап ғасырға.
Болса-дағы ашуың – күн, күлкің – ай,
көрмейсің ғой,
жасырма.
Әр кеудеде бір тіршілік тұр жанып,
кетті айналып ақыл мен ой шыраққа.
Қарар едің бұдан да сен нұрланып,
сен адамның көзі болсаң бір апта.
Бүгін емес, сол кезде де жер кейпін
көрсең – неше ғасыр көрдің, айт, неше? –
Сезбейсің де көрмейсің,
әлдеқашан қартаяр ең әйтпесе.
О! Мөлдір аспан, мөлдір аспан.
1963