Не жетпейді, жетпейтін зат көп дейді,
біреуге атақ, біреуге орын жетпейді.
Не жетпесе — соны көбейт, уақыт,
көбейткеннен сенің түгің кетпейді.

Өссе біреу осы күні қарқындап,
қалатындар болмай ма оның артында?!
Биіктікке басталса бір талпыну,
басталып жүр етектерден тарту да.

Көп болсыншы креслолар-пенсионер,
содан құны түспейтұғын болса егер.
Жағымпазға он бес-жиырма бастық бер,
арызқойға отыз-қырық кеңсе бер!

1969