Мен де ол құсап соғар едім өтірік,
Күзгі көлдің толқынындай көпіріп.
Сөз көбігін тілмен шайқап шашар ем,
Жағалауда жартас болып отырып.
Сапырар ем толқынымды – барда өлең,
Ұйқасты да қалар едім әр неден.
Желік барда мынау жалпақ әлемде,
Сөз болып па жаға деген, жар деген!
Бірақ, шындық ұрып тұрсың көзге сен, –
Қалай ғана, қалай ғана кездесем!
Соғар ем мен, өтіріктің бәрінен
Өзім кейін өлерімді сезбесем...

1965