Күш берген өмір маған да, ағайын, өзің білесің: жартысын жойдым жыр есіп, жартысын жойдым күресіп. Толтырған сия қаламға толтырғам құйып әр түсін: жазуға кетті жартысы, сызуға кетті жартысы. 1969