...Жібек бұлақ желкілдейді, бар ағы
Кәрі әжемнің шаштарындай жаңағы;
Тасты шашып, тау құлағын жарады,
Көлки құлап, толқын ұзап барады.
Әдемі ме, көз?
Бұлақ-күлкі будақ-будақ ырғыды,
Ойланып та үлгірмеді жыр мұңы;
Жастық шақтың, махаббаттың тұрғыны –
Мына алаңда тұр ашылып қыр гүлі –
Қызығамысың, көз?
1963