Құлақ салшы: етікші бол, бол басқа,
қолың созба болмасқа.
Ыңғайыңа көнетін іс – сенікі,
Келетін іс сенікі оң жанбасқа.

Жиһангер бол, жауынгер бол,
бол басқа,
сенің жаның қымбат емес жолдастан.
Бір арамза сүйеп қалған басыңды,
бір адал жан қырқып алса болмас па.

Әкім болсаң – әділ жол бар,
ал баста,
әкім болсаң – желкеңде тұр алдаспан…
Салу керек етікшіге ескерткіш,
жер үстінде жаман әкім болмасқа.

1969