Қарын болса... қарынға тойған міндет.
Қайтер едім жазуды қойған күнде?
Қайда барсам, әйтеуір, орман көрем,
орман көрсем кетеді ойланғым кеп.
Жалаң қылыш – бұлақтар... жатқан гүлдеп
жайлауымды көрем деп аттандым көп.
Қайда барсам, әйтеуір, тауды көрем,
тауды көрсем кетеді мақтанғым кеп.
Ойлар, ойлар, ал жүдет, аздыр мені!
Нені іздедім, білмеймін, қаздым нені.
Қоңыр дәптер, алдымнан сені көрем,
сені көрсем кетеді жазғым келіп.
1970