Ес, ес, Самал, ес үдеп, есіп, есіп тоқташы, қиратайын ба осы деп қимылдаттың шөп басын. Күштісің-ау жеңілге, ауыр болғың келеді. Білем, Самал, сенің де дауыл болғың келеді... 1969