Дала, саған қараса
менің көзім қарасын.
Тұманыңда адасам,
керек болса адасу.

Орман, саған қараса,
менің көзім қарасын.
Соқпағыңмен адасам,
керек болса адасу.

Адасайын мен де енді,
ал, адасшы, жаным-ай.
Адаспасам, көп жерді
өтетінмін танымай.

1969, 1982