Батылдау сал айырыңды, сал былай:
Копаң етіп көтерілсін шөмеле.
Көлеңкеңнен қимылыңды аңдымай
Бер еркіңді мынау шымыр денеге!!
Пай-пай-пай-пай! Білек қандай! Білекті
Таудың күні бір-ақ сүйіп түлетті.
Мұрын анау... мұрын «құртты» бетіңді –
Аршылмаған картопия секілді...
Тер шыққанда сергиді-ау бір бой ғажап.
Шөмелені жөнелесің ойнап ап.
Тек қиқым-шөп құйылғанда мойынға
Айыр беру – ұқсамайды ойынға.
Шөп сылдыры, айырлардың сумаңы,
Тұла бойда талшық ет боп тулады.
Айыр, айыр...
Жылт-жылт етіп көтерілді төрт жұлдыз,
Бір айырдың төрт жұлдыз – төрт бұтағы,
Ол көтерсе бір айыр шөп жоғары,
Бар аспанды көтергендей болады...
1963