Аппақ болып барлық маңай тұр жанып,
Жоқ қой ешкім ақ жарықты кірлеткен!
Тасқа түссе бұл жарық,
тасқа-дағы қараймын мен құрметпен.
Құйылып тұр, құйылып тұр нұр-жарық –
емен, шырша шыға келді бүр жарып!
Жарық түссе қасіреттің өзі де
кетер еді нұрланып!
Жарық, жарық! Мынау жердің бетінде
көлеңкелер ұқсайды екен жетімге,
Нұр-әкенің жанарынан тыс қалған.
Жарық болып көкірекке түсті арман.
Жарық деген – ең әйгілі есім бұл,
бөбегімді сәуле болып өсірдім.
Бұл өмірдің көктемі мен шуағы –
Махаббат пен мейірімнен шығады.
Жарық деген әлемдегі ең әдемі,
демен, бірақ тек жарықпен жанасың;
Жану үшін –қызу керек әуелі,
Ол қызуды – өзің іздеп табасың.

1965