Адаса бер, шоқ жұлдыз, адаса бер,
адаса бер, ақ жұлдыз, адаса бер,
Қой санаған қойшыдай астроном
сені бір күн табады, адаса бер.

Жоқ асылдар, тып-тыныш жата берші,
қорғасындар, тып-тыныш жата берші,
Қара жердің калтасын тінтіп бір күн
Кенші тауып алғанша, жата берші.

Белгісіз ой, жүректе жүре тұршы,
бедерлі өлең, қойнымда жүре тұршы,
Менің-дағы шаңымды қағып мезгіл,
іздеп тауып алғанша бір оқушы.

1969, 1982