Сағи көзілдірігін бір киіп, бір шешіп, көзінің алдын сауса-
ғымен сығып тастап əлдекімнің өлеңін мыжып отыр еді, бір
жігіт қобыраған шашын төбесіне сыйғыза алмай апақ-сапақ-
та кіріп келді. Жаратқан сараңдық жасап жалпақтау бетіне
танауды тым кішкентай қылып жапсырған екен, маған көзі-
нің қиығымен бір қарап бас шұлғи салды да Сағимен қол
беріп амандасты. Екеуі тегінен таныс болса керек, көп шүйір-
келесіп жатпай:
– Өлең əкелдің бе? – деді Сағи. – Жұрттың шатпағын ши-
майлаймын деп шаршадым, даяр дүниең болса əкел, номерге
салдырып жіберейін.
– Мұндай жомарттығыңды білмедім ғой, терезеден төбең-
ді көрген соң кіре салып едім.
«Ғалымдар үйінің» подвалында отырамыз. Ары өткен,
бері өткенді біз балағынан көреміз де, ары өткен, бері өт-
кендер бізді төбемізден таниды. Сағи оны Жұмекен деп та-
ныстырған. Мен іштей: «е-е, Жұмекен деген сен бе едің?»
деппін, ол да бетіме бір қарап: «е-е, Қалихан деген сен бе
едің?» дегендей болды. Төбедегі тротуар тыпыр-тыпыр, бы-
тыр-бытыр. Еркек өтсе – былш-былш, ұрғашы өтсе тақ-тұқ,
шақ-шұқ. Сағи қағазын шимайлап біткенше Жұмекен сол
тақ-тұқтың біразын көзімен санап отырды да:
– Əй, мыналарың борбайдың жылжымалы көрмесі екен
ғой! – деп мəз боп қалды. Қысылуы жоқ, еппен кірсе де ежел-
гі таныстай еркін сөйлейтін жайдары мінезі ұнап қалды.
Ымырт үйіріліп, подвалымыздың бұрыш-бұрышы шымыр-
лап бұлың тарта бастағанда Сағи да қағазын жинап қайтуға
ыңғайланған, есікті аша беріп:
– Сен неғып отырсың, қайтпаймыз ба? – деп Жұмекен ма-
ған бұрылды. Ілесе шықтық. Содан жиырма бес жыл ілесіп
жүріппіз...
– Əй, сағынысып қалдық қой, келіп қайтсаңшы, – деді.
Телефон. Мəскеуден. Жұмекен ғой. Осыдан біраз бұрын
ғана, қара күздің жаңбыр аралас көбік қарында екеуміз екі
үйдің ортасында екі дүркін қазан көтеріп түнімен сабылып
едік. Белуардан су кешіп, белшемізден су болып. Мəскеуге
келсем, наурыздың жаңбыр аралас көбік қары да сілтеп тұр
екен. Литинституттың жатақханасы күңгірт, онсыз да қаба-
ғын ашпайтын Мəскеудің қоймалжың аспаны иықтан басып
тұр. Жұмекеннің бөлмесі шынтақтағы қараңғы қуыс екен, са-
ғынысып келгенде бір-біріміздің бет-жүзімізді күншіліктен
көргендей адасып отырмыз. Бұл баяғы жатақ емес. Баяғы кө-
ңіл де жоқ. Өйткені, мұнда Тəкен жоқ. Əкім жоқ. Нəсір жоқ.
Ара-тұра шауып баратын Мəжит те жоқ. Жеті қабат жатақ
қаңырап қалған сияқты көрінді. Жеті қабат толған кіл шан-
трапа, түсі бөтен, сөзі бөтен, тірлігі бөтен өңшең обормоттар
секілді боп көрінді. Азғантай жылдың ішінде Мəскеу маған
жат болып қалыпты... Япырау, жынданып кетпей Жұмекен
қалай шыдап жүрген?..
– Қой, кеттік! – дедім.
– Қайда?
– ЦДЛ-ға.
Одан басқа барар жер де жоқ. Əйтеуір, жыға танымасақ
та жазушы дейтұғын жұрағаттар ғой. Өтірік те болса жиын
болып жатады, өтірік те болса бірін-бірі мақтап, иə даттап
жатады, шыға бере жат та кеп сүйісіп жатады. Осының бəрі-
нен өтіріктің иісі аңқып тұрады. Мен орыспын дейтін, миы
да, қаламы да орыс арпа ішіндегі бір бидайлар мұнда келе
бермейді. Олардың көбі провинцияларда, болмаса екі жүз,
үш жүз шақырымдық саяжайларында, жайлауы да, күздеуі
де сол, қысы-жазы бір түкпірде күңіреніп отырып орыстың
мұң-зарын, өткені мен өкінішін жоқтап жатқаны. Жылт еткен
дүниелерді де тек солардан ғана табасың. Олар Мəскеуге өл-
генде ғана келеді. Əлгі Бальзактің: «гении рождаются в про-
винциях, умирают в Париже» дейтіні, тегі, рас болса керек...
Мен курста жүргенде жиырма бестің ішінде Маканин деген
жалғыз орыс (?) бар еді. Орташадан да төмен, саусағын со-
рып қаламгер атанған «холостой патрон», табын сиырдың
иісіне бола босқа гүжілдеп, күресін көрінсе күл тарпитын
тайынша бұқа секілді «нахал», Мəскеудегі журнал атаулыны
түгел шарлап, құрауыз шықса да соларды толтырып қайт-
қандай дүрілдеп отыратын.
ЦДЛ-дың «ат шалдырмасы» да, рестораны да сықап отыр.
Бəрі бөтен. Бəрі де біз секілді «братский» республикалардан
келгендер. Айырмамыз – біз əншейін жүрген саяқтармыз,
олар бірдемесін қолтықтап келген, бір журналға, болмаса бір
баспаға өткізсем деп өмешегі үзіліп келгендер, қастарында
бір-бірден жейтін, ішетін ауыздар бар – дəнекерлер; атдорба
келімсектердің қалтасында. Келімсектердің қаншасы есек дə-
мемен келіп отыр, қаншасы өнерді қарқ қылмаса да пысықты-
ғымен «жыртық» тауып отыр, оны бір құдайдың өзі білсін.
Орыс тілінде жарық көрмесең сені ел танымайтын кез. Ол
үшін Мəскеуден «қотармашы» табуың керек. Юрий Казаков,
Евгений Садовниковтар қолға түсе бермейді. Сен түгілі өзін
де жарытпаған жем аңдығандар оңай-оспақ дүние іздейді, со-
ның өзіне де кергіп бағады. Сонсоң ғой, ұлттар əдебиетінде
конъюктураның көбейіп кеткені, конъюктурщиктердің аз
уақыт болса да айдарынан жел ескені. Сонсоң ғой, қаламы-
ның болар-болмас желі бар мəскеуліктердің шет аймақтың
əдебиетін екінші сортты шикізат деп бағалағаны. Ақыры
сол түсінікті қалыптастырып тынды. Нағыз талант өз ұлты
үшін ғана жазады. Өз ұлтынан бағасын алмаған дарынсыз-
дар аударма арқылы атағын шығарып төбеден түскісі келеді.
Өз ұлтына ұнамаған өнердің басқаға бақыр тиындық бағасы
жоқ екенін, күні ертең каталогте де қалмайтынын білер ме
екен?.. Қазағыңа ұнамаған соң қалмақша сөйлеп өнерге сыя
алмайсың...
Ылғи да Тəкен ағамызбен жалп ете қалатын бұрыштағы
оңаша столда екеу отыр екен: Жұмекеннің курстастары қыр-
ғыз Еркін Бөрбиев пен бір грузин жігіті. Бұрыннан таныс
болмасақ та жылы табыстық. Даяшы келді, түйенің жарты
етіндей еңгезердей жуан қатын, баяғы сол қатын. Жымиып
келіп таный қойды. Ұмытпапты, «көптен көрінбей кеттің
ғой» деп жатыр. Бұл жерде даяшыдан басқа сені есіркейтін
ешкім жоқ, ол да ақы-пұлын алғанша, алған соң «сені қайдан
көрдім» деп жатпайды. Мəскеуде елгезек екі жан бар, бірі
даяшы, екіншісі таксист, екеуі де айтқаныңнан танбайды,

екеуінен де «сдача» қайтпайды, артығын қайырдеу мұнда
əбестік. Алматының нахалдарының қасында бұлар ағайы-
ныңдай, бұған да құдайға шүкір.
Жуан қатын Тəкен ағамды есіме салғаны. Қарсы алдымда
танауды бір бұрап тастап отырушы еді. Ешкіммен тілдеспей-
ді, ешкіммен күндеспейді, ешкіммен есептеспейтін дүнияда-
ғы тəуелсіз жан. Бір нəрсеге көндім дегені əншейін көңілге
ғана, артынша жүз сексен градус өз бетімен лағып бара жа-
тады. Көп жұрттың оны түсінбейтіні де осыдан болса керек.
Жуан қатын: «уақытың болса кілегей қатқан қазақ шайын бұқ-
тырып қоямын» дейтін. «Мейлі, – деп ағамыз көне кетеді. –
Кеттік бала, сен онда жалғыз қайтасың, ертең ипподромда
кездесеміз». Ертең жексенбі. Ипподром – міндетті. Бармасаң
ренжиді. Жаңбыр жаусын мейлі. Жау шапсын мейлі.
Төртеу болып қайттық. Такси жалдайық деп едім, «он-
дай мырзалық Мəскеуге жүрмейді» деп Жұмекен көнбеді.
Көбік қар шылпылдатып жамырап тұр. Көше лайсаң. Крас-
нопреснен метросынан отырдық та Новословодскден түсіп
қалдық. Арман қарай Бутыркаға жеткізіп салатын меншікті
тралайбозымыз бар. Ол барболғырың шаршап қалған ба,
көрінер емес. Келесі аялдамаға дейін сылпылдап жаяу
тарттық. Келесі аялдама келесі аялдамаға жеткізді. Ол аял-
дама келесіге жетеледі. Бутырка едəуір жер, Добролюбова
9/11. Ат ауыстырып жүргенде «Көзілдірікті жыланға» не
қажып барасың, не алжып барасың. Онүшінші таксопарк
жатақхананың тура іргесінде. Тəкең барында ертенді-кеш
таксилетіп жүретін едік. Жұмекен таралайбозға бəсіре тай-
ындай үйреніп алыпты, барғанша бір өлең, қайтқанша бір
өлең жазып қайтамын дейді. Əзір ше, көлкіме қоймалжынды
аяқпен ширатып келеміз... Алматыда да біраз дүниені
ширатқанбыз. Ол алғашында «Алатау» колхозында үй жал-
дап тұрды. Тау бөктерінде еді, жаңбырлы күндері қыр ба-
сына төртаяқтап шығасың, қарлы қыста етекке сырғанақтап
бірақ түсесің, тек шұқанақтарда ұлтаның қап кетпесе бол-
ды. Маңайы алма бағы, ашық күндері Алланың берген ра-
хаты. Басында баспанаң болмаған соң, баққаның жалғыз
қалам, бар тапқаның орта құрсақ болса, кейде одан да құрғақ
болса, Жұмекен жайнаған бақтың, жəудіреген аспанның
қайбір рахатын көрді дейсің. Сонда да, кешкілік: «біздің
үйге баралықшы» дейтін. Алма ағашының астында отырып
Нəсіптің шайын ішеміз, алма ағашының астына төсек салды-
рып, жапырақ арасынан аспандағы жұлдыздарды санаймыз.
Жұлдызды санап тауыса алмайсың, ол да бір сенің таусылмай-
тын арманың секілді. Арман шіркін тəтті-ақ, бірақ, тиянағы
жоқ қой. Əлгінде ғана Жұмекен шерткен Абыл күйінің сары-
ны сияқты. Соның жалғасын үндемей жатып көкейіңмен көк
аспаннан іздегендейсің. Осындай оңаша да болмаса Жұмекен
көптің көзінше қолына домбыра ұстамайтын. Күйші атаулы
қызғаншақ келеді деуші еді. Жұмекен қызғаншақ емес-ті. Тек
домбыраның құдіретін бітеу құлаққа қимайтын.
Жұмекен бұдан соң «Мүттайым бақтың» жиегінде, Та-
ранщинка атанып кеткен «Красный трудовик» колхозынан
бірақ шықты. Кедей болсаң көшіп көр, бір төсекті көтеріп
жүрудің өзі де иығынды үзетін мүкамал. Əйкен музыка мек-
тебінде оқитын. Нəжімеденовтің бар жиған дəулеті жалғыз
пианино, алдымен мықшыңдап соны кіргіземіз. Асқар: «жі-
гіттер, Чайковскийдің жасауына сақ болыңдар» дейтұғын.
Тілі орысшаға енді ғана жатығып келе жатқан Əйкен Чайков-
скийді осылай атаушы еді. Өзге тұрмақ өзі көшкенде де қо-
лына қурай ұстамайтын Асқар қашанда бұйрық беруге əзір,
əйтеуір, кім қоныс аударса да көштен қалған емес, қожалы-
ғын міндет қып үйге алдымен кіріп, соңынан шығатын.
Алматыда біз көрмеген бұрыш, біз кірмеген күрке қалма-
ған шығар, тауында да тұрдық, Тастағында да тұрдық, бал-
шық тамын да, қамыс итарқасын да баспанаға балап, тірнек-
теп тапқан тиын-тебеннің тең жармысын мəтүшкелердің
шөнтегіне салып беретін едік. Жұмекен бұдан соң Одақ бер-
ген бес бөлмелі пəтерді Сафуан ағамызбен бөліп-жарысты.
Осы Мəскеуге кетердің алдында ғана Жекен Жұмаханов аға-
мыздан босаған үш бөлмеге Нəсіпті төрт баласымен апарып
қамағанбыз. «Көшпесе қазақтың басы ауырады» деген тегі
рас, көші-қондымен жүріп дос-жаранның шыптасы мен шыл-
ғауына дейін көз алдымыздан өткізгенбіз, басымыз тимеген
көпшігі жоқ шығар, көрпесінің иісі көкірегімізде қалған. Біз
иісімізбен-ақ туысып кеткен жетімдер едік. Мүмкін, бір-бірі-
мізді сағына беретініміз де осыдан шығар...

...Қапалақ қар жапалақтап тұр. Көз алдың шұп-шұбар,
салбыратып жіпке тізген мақтаның ұлпасы сияқты. Аспан
жоқ, шалқыған шұбар шымылдық, қос қапталдағы зəулім
үйлер кірлеп кеткен сұрқай жүзін шұбар шымылдықпен
сүртініп жылап тұр. Жыбыр-жыбыр. Жыбыр жыбырдан кез
жамырап, бас айналады. Сылпылдатып жатаққа келсек, орта
бойлы қағылез жігіт күтіп отыр екен. Домбыра сұрай келіпті.
Мəскеудегі Қазақстан өкілдігінің ғимаратына бастаңғыға
жиналған студенттер жіберіпті.
– Домбыра менсіз ешқайда бармайды, – деді Жұмекен.
– Онда өзіңіз де жүріңіз.
– Бес мың шақырымнан іздеп келген қонағым бар, оны
тастап кете алмаймын.
– Бізге бір қонақтың ауыртпалығы жоқ.
– Ол мені ғана іздеп келген...
Жігіт үн-түнсіз шығып кетті. Біз үн-түнсіз қала бердік.
– Осылар домбыраны ермек дейді-ау шамасы! – Жұмекен
шамыр қанып отыр екен. Шамырқанып отырып домбырасы-
на қол созды. Бірақ, күй шерткен жоқ, ептеп қана үнін бай-
қап, қос шекті баптап қойды.
Ғабең əперген академбақтың қарсысындағы біржарым
бөлмемізге өнерлі жастар жиі келуші еді. Қайрат пен Жəні-
бек. Əсіресе, Жəнібек. Бір жолы домбырашы Шəміл Əбіл-
таевті ерте келіпті. Асқар тақымдап қоймаған соң, Шəміл
екі-үш күй шертті.
– Сенен күйші шықпайды! – деп Жұмекен кесіп таста-
ғаны.
«Неге?» дегендей біз оған тіксіне қарадық.
– Домбыра көптің көңілі үшін емес, өзің үшін шертіле-
ді, – деді Жұмекен.
– Ал, сен жалтақтап жұртқа қарап, көптен қошамет күте-
сің, домбыраңда күмбір жоқ, көмейіңде үн жоқ, көкірегің де
де дым жоқ!
Жұмекен мəймөңкелеуді білмейтін, не де болса турасын
айтып салып қарап отыратын, болмаса үндемей қоятын. Бас-
қаны қайдам, одан орынсыз мақтау естіген замандастары
кемде-кем. Ал, күйге келгенде қағыстың небір иірімін тауып
алатын жəне де радио мен тілбезер күніге мың қақсатып жа-
уыр қылған шығармаларға жоламай, ел құлағын сағынтқан,
əрі орындау техникасы күрделі күйлерді ғана аса бір көркем
əсемдікпен толғап қайыра салатын. Тыңдаушының шөлі қан-
бай қалады, тағы да бір күй дегің келіп отырады. Бірақ, ол
бірден артыққа баспайтын, сол мінезін білесің де үндемей
қаласың. Жұмекеннің домбыра шертісі бөлек еді. Бұл ретте,
мен оны Қали Жантілеуовтің қатарына апарып қойған болар
едім. Айырмасы, ол солақай болатын. Бір таңқалатын нəрсе,
біздің елде қолынан өнер тамған не бір ұста, ағаштан түйін
түйген балташы, күмісті сынаптай ширататын зергерлердің
барлығы да солақай еді. «Солақайға соқ та жоқ, соқыр итке
боқ та жоқ» деген, тегі, өтірік, керісінше солақайдың жалпы
жұрттан ең құрығанда бір өнері артық. Бүгіңде ел ішінде со-
лақай да жоқ, алты жасынан қолын бұрап отырып қаламды
оңқай ұстататын мектептен бе, əлде айран берсе де қасық-
ты оңқай ұста деп зекитін ата-анадан ба, əйтеуір, өнер қон-
ған еркек-ұрғашыны қазір емге табу қиындап барады. Көкіл
мен Абылдың күйлерін Жұмекендей орындайтын домбы-
рашыны тыңдаған емеспін. Өкініші, соларды таспаға түсі-
ре алмай қалдық, біз салақтық жасадық, Жұмекенде құлық
болған жоқ, себепсіз қашқақтай берді. Кезінде Ахмет Жұба-
нов Атырау өңірінің көп тарамаған бірнеше күйлерін ұрсып
отырып Жұмекенге жаздырған екен, архивте болмаса, олар-
дың кейінгі тағдырын біле алмадық. Консерваторияның төрт
курсын бітірген соң Жұмекен күйшілік кəсібін тастап кет-
кен, табиғатында бар өнерді тақпақтай беруді қаламады ма,
мүмкін өлең шіркін арқасын қысқан соң екі кеменің басын
де ұстағысы келмеген шығар, есесіне профессионалдық өнер
интеллектуалды поэзияның өзі мақсат еткен биігіне жетті.
Ол творчествосында көкірегінің көзі бар зерделіге болмаса,
жалпы оқушыны ескерген жоқ. Бір кезде «өнер – өнер үшін»
деген теорияны жатып кеп тепкіледік. Соның кесірінен шөп-
ті де өлең, шөңгені де өлең етіп шығармашылықтың сипатын
күресінге лақтырып тастаған секілдіміз. Өнер – өнер үшін
болмаса оның қасиеті қанша! Түптеп келгенде, өнерді өнерлі
ғана тудыра алады. Ал, поэзия сол өнердің шыңы, əри не, қа-
зақ үшін... Қазағым өмірде жалқау, тірлікте аңқау болғанмен
өлең десе өліп тұрады.
Ертеңгісін тұрсақ... Осында жүрерде Дəкең қоймастан
француздың модельный туфлиін кигізіп жіберіп еді. Ұлтаны
салақтап, танауы бегемоттың мордасындай күмпиіп бөлек
жатыр екен. Еуропаның сүмбідей сирағына сəндеген қасық-
тай неме Мəскеудің қоймалжың көжесінен жүрегі айныса
керек, салақұлаш тілін көмейіне сиғыза алмай арам өліп қа-
лыпты. Амал жоқ, Жұмекеннің шолақ дамбалының белінен
жарты метр резеңкені суырып алдық та шандып тастап дү-
кенге бардық. Шошқаның шап терісінен долбарлап тіккен
дорбадай бəтеңкені таңдап киіп, французды қоқыс жəшігіне
лақтырып кеттік. Жұмекеннің грузин досы жатып күлсін:
– Ресторан гардеробщигіне бір теңге берген армянның
«ыздаша не нады» дегенін естіген грузин «палто не нады»
деп кете беріпті дегенді білетін едім, французды мусорға
лақтырып көн теріге қызыққан қазақты көргенім осы! – деп
қарық боп қалды.
Көн тері болса да қутақым қазақтың қойторы мəс тегіндей
Мəскеудің лайсаңын жұлығынан оздырмаған шошқа бұ тыл
бір жұмадай мініс берді-ау. Бір жұмада Мəскеу қызығы да
сарқылды. Жат болып қалған мен бе десем, Жұмекен де ас-
тананы жатырқай бастаған сияқты. Бір апта бойы жатақхана-
да тапжылмай жатып алып, Алматыда бітпей қалған əңгіме-
ні осында жалғастырдық.
Жұмекен жұмасына екі-үш дүркін лекцияға барып қайт-
қанша жер-көкке симаймын. Əр режиссер өзінше жаңартып
қойғаны болмаса, театрлардың репертуары да алпысыншы
жылдардан өзгермеген сияқты. Қоймалжың аспанның қабағы
ашылмаған соң, қорғаншақтап көшеге де шыққың келмейді
екен, келімді-кетімдісін қосқанда он миллионнан астам ха-
лықтың арасында қысылып қалғандай тас үйлердің жықпы-
лындағы тас көшелерге симай, екі арада Вильнюсқа барып
қайттым. Киношниктердің əлдебір семинары еді. Осында
неге жиналғандарын семинардың көсемдері де, көсеулері
де білмейді. Əйтеуір, үш-төрт мезгіл тамақ ішіп, «мельник»
дейтұғын жирен арақтың қабырғасын сындырдық-ау деймін.
Аудитория жоқ, мінбер жоқ, не оттасаң да дастарқанның ба-
сында, бір қолыңда бокал, бір қолыңда шанышқы, езуден
сигарет түспейді, шарапқа шашалсаң да, сөзге шашалсаң да

 

сөгіп жатқан ешкім жоқ. Кеңшілік! Біздегідей қамап алып
сағат бойы сайрамайды екен, артық-кеміңді санамайды екен,
өйткені, үй артында кісі жоқ, мүмкін бар да шығар, бірақ,
олардың сенде жұмысы жоқ. Танысқа да, танымасқа да жор-
та болса да өбектеп жүрген бір пендені көрсемші, кет əрман
демейді, келістік демейді, салқын қабақ, сыпайы сұхбат: Бал-
тық жағалауының сыз тартқан дымқыл ауасы секілді халқы-
ның да мінезі салғырттау көрінді. Есесіне айқай-шу, өрекпу,
өтірік сөйлеу жоқ. Тіпті, көшесінен де даңғаза жұртты көре
алмадым. Газет-журналдары да тып-тыныш. Бұл елге совет
өкіметі келмегендей, атыс-шабысты көрмегендей. Ел аман,
жұрт тыныш, қара да тоқ, қарға да тоқ. Киношник көсем-
дерінен мен танитын кешегі «Жоғарғы курстың» директоры
Маклярский ғана. Ол байқұс та мені таныған боп жатыр:
«Единственный независимый слушатель нашего курса, даже
во время учебы запустился двумя сценариями» деп маған
көпшік лақтырған болды. Жат жерде жаттың аузынан естіген
мардымсыз ілтипатқа да бөркің қопа қардай болса керек еді,
бірақ, бұған мəн берген де жан жоқ-ау. Маған жантартып,
жақын жүрген бір жап-жас жігіт (аты-жөнін ұмыттым) бір
күні саяжайына шақырды. Мəдениет министрлігінде кино-
матография саласының нұсқаушысы екен, сөзі байсалды, ар-
тық шаппайтын, кем қалмайтын əжептəуір білімі бар, бір то-
ға жігіт. Мені таңғалдырған бұл да емес, саяжайы еді.
Самырсынды қалың орманның ішінде темір шарбақпен
бөліп тастаған бірнеше участок: жазушылар мен журналис-
тердің территориясы, шенеуніктердің, əртүрлі сала қызмет-
керлерінің, ғалымдардың территориясы бөлек-бөлек, бір-бі-
рінен аумайтын, кірпіштен қаланған коттедж типті қызыл
черепицалы бір қабатты үйлер, кеңдігі алты-ақ сотық, бірақ,
жұтынып тұр. Ауласында қылқанды ағаш, ара-тұра жемісті
бұта, еденіне екпе шөп сеуіп, оның мұртын күзеп тұрады
екен, арықтарын да суы сарқырап жатыр, кіріп барғанда азон
иісі танаудан ұрып тұрады. Ал, үйі қуыршақтай: зал, түнемел,
кабинет, балалардың бөлмесі, ас бөлме, туалет, моншасы
да осының ішінде, суы да ішінде, камин, қажетіне қарай
кейбір үйлер де телефон да бар деді. Осының бəрін үкіметтің
өзі салып берген, құны онша қымбат та емес, ай сайын жала-

қының он пайызын ұстап тұратын көрінді. Жас жігіт ешбір
одақтың мүшесі де емес, қатардағы қарапайым журналист.
Осылардың бəрін көргенде менің есіме саяжай тұрмақ, ба-
спанасыз Алматыда қаңғырып жүрген жас жазушылар түсті.
Жеріміз кең, кеніміз бай деп жыртылғанда Американы да
қоңсы қондырғымыз келмейді. Өтірік мақтанның төркіні ке-
містігіңді, кедейлігіңді жасыру екен де. Жігіттің көршілері
атақ, дəреже жағынан əрқилы, бірақ, адамгершілік жағынан
бəрі бір деңгейлес, бір бірінен ғана емес, биліктен де рухани
тəуелсіз, баймын деп шіренгенін де, кедеймін деп қорланға-
нын да көргенім жоқ. Ел боламын деген ұлтқа осынан артық
не керек?..
Каминнің қызыл шоғының қызуында кофе сораптап бі-
раз отырдық. Қазақ туралы жалпы түсінігі ғана бар екен.
Қазақстан жайында бар білетіні тың игеру науқаны, онда да
Хрущевтің тыңдағы ойдан-қырдан жиналған тексіз бойдақ-
тарға қатын болуға əйел жұрағатын шақырған үндеуінен соң
кəрі қызы бар, келіншектеу қызы бар, топырлап барып, кей-
бірі томпайып, түгелдей топырлап қайтып келгенін айтты.
Мен олардың шетжағасын Торғайдан көргенімді айттым. Ол
солардың қайтып келгеніне қуанып айтты. Мен солардың
кетіп қалғанына қуанып айттым. Ол кəрі-құртаңын да жат
жұртқа қимайды екен. Кəрі-құртаңмен қазақтың саны өспей-
тіні менің көңілімде тұрды. Несі бар, қарға да балапанын ап-
пағым деп сүйеді...
Вильнюстен екі түрлі сезіммен қайттым: кең жазирада
көсіліп жатқан қазақ қарға адым аттаса жер көріп қайттым
деуші еді, тулақтай жерге тығылып отырған литвалықтарды
көріп мен ел көріп қайттым; бес Францияны жайлап, бүкіл
Менделеев таблицасының үстінде отырмыз деп айдары-
мыздан жел ессе де үш ғасыр бодандықтың «шапағатынан»
əлеуметтік тіршілікте, жоқ дегенде бір ғасыр көштен қалып
қойғанымыз мақтанарлық нəрсе емес екен. Барғаным босқа
кеткен жоқ, бірақ, көңілім одан өскен жоқ. Осы көңілмен елге
тарттым. Мəскеудің түнерген аспаны түндігін ашпай, «сүме-
лек» мезгілінде ұшпай, аттандырып саламын деген Жұме-
кен аэропортта жарты күн отырды. Жарты ғасыр отырса да
шыдайтындай еді, бірақ, астананың «рахатына» жарты айда
мен де тойып болғанмын, жыл жарымда ол да тойып қалған
сияқты. Оның үстіне Мəскеу қисапсыз мешкей, қалтаң болса
ғана қадірлісің, қалтаң қағылған күні майынсығып алған аш
бүйендей мəйегіңді сорып, ақжемтір қылып түкіріп тастай-
ды. Мен білгеннен бергі ежелгі əдет, аттанып бара жатқан
дос-жаранның шөнтегін ақтарып жүріп, аэропорттан үйіне
жетерлік бірлі-жарым теңгені ғана қалдырып, артығын қағып
қалатын едік. Мұны да заңдастырып қойған менің Самауыр
досым Əкім Тарази. Қалтаның құрышында бармақпен тінтіп
табатын бақыр қалғанда Автор Хұқығы қазақ бөлімшесінің
меңгерушісі, тілеуің бергір Красильщикова ханым телефон
шалып Мəскеуде жатып қалған біраз тиын-тебенімді алып
беріп еді. Жұмекен екеуміз аэровокзалда отырып соның тө-
бесіне су құйдық та, сыбағасын тесік қалтасына салып, мың
жыл жатта жүргендей ел қайдасың деп «сүмелекке» жеттімау...
Бəрі де аспанға көтерілгенше екен, аспан шіркін сені
бұлтқа мінгізіп алған соң көңіліңді қиянға алып ұшқандай
болады. Алматыға жеткенше бес сағат бойы мен Жұмекен-
мен Мəс кеудің тас көшелерін шарладым да жүрдім. Айтыл-
маған əңгіме де көп екен, іштегі көп сыр сыртқа шықпай тұнып

қапты. Көргенше дос-жаранды сағынасың, көрген соң
сап-сабырлы бола қаласың. Қаншама жыл бірге жүріп, бір
таяқтың жиегін бөліп-жарып тістесіп, дəмдес болсақ та дəп
осындай бір-бірімізді аңсар ма едік, егер, ол дəл қазір қасым-
да отырса сағыныш сезім оянар ма, жоқ па?.. Көңіл шіркін
жүйрік те кең, тар пейілді де жомарт қылады, қаныққан көз
сыншыл, көңілдің дархандығы мен сезімнің ыстығын саба-
сына түсіріп, күйкі тірлікке қайырып салады. Қазақтың: «кө-
ңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?» дейтіні осыдан шығар.
Тегі біреумен жолда жүріп танысқан, досыңмен жатта жүріп
табысқан сəт бəрінен де тəтті болса керек. Алғашқысы көпке
дейін есіңнен кетпейді, кейінгісі өмір-бақи жадында қалады.
Жұмекен елге қайтып оралғанша мен Мəскеуде жүрдім де
қойдым.
Алматыда да үйірсектігіміз басылған жоқ. Ол күн сайын
Жазушылар одағына бір соғып тұратын. Мəскеуде айтылмай

қалған мұңды, енді, осында сарқатындай бірде «сараңдар-
дың сары үйіндегі» менің тар кабинетімде тапжылмай үш
күн жаттық. Оның прозасы жайында аудиторияда айтылма-
ған, газет-журналдарда басылмаған талай пікірді сапырдық.
Ақын қарасөзге қалам тартқанда сюжетті ұмытады, оқиға
мен кейіпкерлердің іс-қимылына мотив іздеп жатпайды, мұ-
ның себебі проза техникасын меңгермегендіктен деген ме-
нің жорамалыма Жұмекен келіспеді. Ал, қарасөздің шебері
ақындардың егініне түскенде, көбі өлең құрастырушы боп
қала береді: ой бар, – ішкі иірім жоқ, ұйқас бар, поэтикалық
екпін жоқ, түптеп келгенде жеке шумақтардың монтажы,
өңеш тен өтпейтін құрғақ талқан секілді оқушының көкейіне
тесіп түспейді деген пікіріме де қарсы болды. Осымен ол өзі-
нің ақын екенін дəлелдеді де мен прозамды қорғап қалдым.
Жұмекен бір кезде «Жазушы» баспасында прозада да ре-
дактор болған. Əлдебір беделі бар шалағай ақындардың сы-
быры ма, əлде оның поэзияға деген қатаң талабы жұртқа жақ-
пады ма, əйтеуір шетқақпай көргені рас жəне де бұл бірінші
көрген құқайы емес еді. Проза редакциясының жетекшісі
Сəукең менің жинағымды оқып шығып («Менің ағаларым»):
мұнда не совет өкіметі, не партия, тым құрығында профсо-
юз жөнінде бір ауыз сөз жоқ, барының өзі шетінен сұмырай,
бұл Қалихан қайда туып, қайда өскен деп бұрыштама соғып,
редсоветке қайтарған екен, «маған беріңдерші» – деп Жұме-
кен сұрап алыпты.
Ботаника бағының қарсысындағы біржарым бөлмеде,
біржарым тəулік отырып қайта оқып шықтық. Бір сөйлем,
бір сөзін өзгерткен жоқ едік:
– Басқа дүниелеріңде шаруам жоқ, деректі хикаят дегені
болмаса, мынауың мен оқыған балшықтарға ұқсамайтын та-
биғаты бөлек көркем нəрсе екен, – деп Жұмекен қатты риза
болды. Артық мақтау айтқан да жоқ, көмейіндегі айтайын
дегенін іштей ұқтым. Кейін, осы пікірді Асқар да қайталап
еді. Жұмекен бір ғана поэзия емес, əдебиеттің əр жанрына
бақай шағына дейін шағып отырып, əдемі талдау жасай бере-
тін, бірақ, баспасөз бетіндегі сынға араласып мақала жазған
емес, ара-тұра аудиторияда болып тұратын айтысқа да шық-
қан жоқ, оның сыны көптігін құлағына емес, авторлардың на-
зарына, жеке отырыстарда айтылатын, жеткізіп айтатын, ке-
сіп айтатын, сонсоң да кейбіреулер одан сескеніп жүретін.
Курстан кейін ол бірталай уақыт қызметсіз қалды. Үй кү-
шік болып көрмеген адамға төрт қабырға да тозақ, онын үс-
тіне асырап отырған бала-шаға, екі жыл бойы қаражатсыз
қалған отбасы бар. Біздің буын (Қадыр мен Тұманбайдан
басқасы) қор жиған емес, қор жиятындай қолға қомақты
тиын-тебен де түскен емес. Бізге деген қаламақының шкала-
сы етектен жоғары көтерілмейтін. Жұмекен қатты қиналды,
оның жүйкесін жеп қойған да осы бір дел-сал шақ. Одақта
кеңесшінің бір орны бос еді. Содан дəметіп бірінші хатшы
Жұбан Молдағалиевке барайын. Көрелік деді. Екінші рет
барғаным да үндемей қалды. Үшінші рет барғанымда:
– Мен Жұмекенді қызметке алмаймын, енді қайтып ол
жайында менің алдыма келме! – деді. Байқаймын, сөзі зілді,
тісін шықырлатып отырған сияқты болды. Көңілімнің қал-
ғаны соншалық, ішім мұздап кетті. Шынымды айтсам, жек
көріп қалдым, Жұмекенді де жақтырмайтындар бар екен-ау
деп қайран қалдым!..
Əрине, бұл туралы Жұмекенге айтқаным жоқ, одан се-
бебін де сұрағаным жоқ. Содан қайтып Жұбаханың алдына
барған да емеспін. Бірде «Қаламгерде» отырғанбыз, кафеде
жұрттың босқа отырмайтыны белгілі, сені Жұбан іздеп жа-
тыр деп Роза Махмұтовна екі дүркін келіп кетті. Тырс ет-
кенім жоқ. Іле-шала өзі келді.
– Жұбаха, сіз қызық екенсіз, бүгін менің творчестволық
күнім, оған қоса, арақ-шарап ішкен соң Одаққа жоламаңдар
деген өзіңіз едіңіз ғой!..
«Ой, сен де!» деп ағамыз жалт бұрылып жүре берді. Ме-
нің тік жауабыма қасымдағы жігіттер тіксініп, «ертең сені
қызметтен қуады-ау» дегендей маған аянышпен қараған. Ер-
теңінде Жұбахаң бұйрықпен творчестволық күнді жойды.
Іштей «ерегес» осымен біткен сияқты еді, бірақ, меселім-
ді қалдырған сол бір сəтті күні бүгінге дейін ұмыта алмай
келемін, Жұмекеннің радиодағы бүкіл записін өшіріп тас-
таған бір жігіттің кекшілдігін де күні бүгінге дейін кешіре
алмай жүрмін...
Өзінің қысқа ғұмырында Жұмекенді қатты кейіткен ал-
дамшы тірліктің осы бір мазағы ма деп ойлаймын. Əйтпесе,
Жұмекендей азаматқа қызмет деген уайым ба екен, бірақ,
Жұмекендей қайталанбас ақынның уақытша болса да ке-
шегі құлын-тайдай тебісіп қатар жарысқан замандастары-
ның ортасынан орын табылмай қалуы қиянаттан кем емес,
мұны талантты қорлау демеске амалым жоқ – Дəл осы кез-
де оның жүрегі сыр бере бастады. Оны Нəсіптен басқа еш-
кімге білдірген де жоқ. Бірде, оның қиналып жүргенін бай-
қадым да: «сен комсомол сыйлығының лауреаты едің ғой,
анау Совминнің емханасына барып тіркел» дедім. Тіркеліп
еді. Бар болғыр, бүгін де жап-жасыл боп түсін өзгертіп алған
хамелеондай сол бір сары үйдің ажалға арашашы болды
дегенін естіген емеспін.
– Нəсіптің қазанында бірдеме бар-ау деймін, бүгін біздің
үйге баралық, – деді түс əлетінде.
Бір табақ еттің үстінде тілім-тілім боп қойдың көкшағыр
құйрығы жатыр екен, тегі Қошалақтан келсе керек. Бір уа-
қытта табақ бос қалыпты. Нəсіптің тəрелкесі де құп-құрғақ.
«Япырай, екеуміз ең болмаса саған ала отырсаңшы демеппіз-
ау» деппін. Бұл Жұмекеннің кіңдік қаны тамған Қошалағы-
нан татқан соңғы дəмі еді... Мен оның сүйегіне түсіп тұ-
рып, өзім көрмеген Қошалақты шарлап қайтқандай болдым.
Оның азан шақырып қойған аты Жұмаддин, əкесінің аты
Сабыреддин екенін анасының аузынан естідім. Қалай атасақ
та, ол қазақ поэзиясының қасиетті қара шаңырағында дара
тұлға Жұмекен болып қалды. Қазақтың Мемлекеттік Гимн-
нің күніне қанша естісем де, осы тұлға көз алдымда тұрады
да қояды...

Қалихан ЫСҚАҚ