Абуталип сказал!
Р. Ғамзатов

Қайыр айтты:
тау да кейде ұмытты,
тас та ұмытты, ұмытты
табиғатын: қара-пайым-ды-лықты.
Тағдыр ма, әлде әсер ме,
біздің елде домалаған тас өрге –
о да паңдық көрсетеді, о да айбын:
үріксе де – өрге қарап үркеді,
менсінбейді кішкене үйді, күркені,
қабырғасын қалаймын деп сарайдың.
Жә, мен айттым:
дауыл болып дүркіреуден үмітті
бетті желпіп есетұғын жай ғана
самал-жел де ұмытты:
қарапайым-ды-лықты.
Дауылсыз-ақ жапырағынан айрылған
күзгі ағаштар жел өтінде ұлып тұр.
Ағаш үшін – жапырақ та баспана,
тамыр үшін – топырақ та баспана.
Көгер, сарғай, жапырақ!
Сендей емес, топырақтың мәні ұлы –
үзілмеуі үшін шөптің тамыры,
гүл-бұтаның тамыры,
топыраққа тыныштық бер, тәңірім!
О, тағдырдың әмірі,
тілді тыйып
ой түюден басқаға
осы біздер пысық жұртпыз масқара,
халық түрлі, десед содан ел түрлі.
...Кеше кеште қара дауыл жел тұрды:
көлгірсіген үсті бар да, жоқ асты –
тамыры әлсіз талай-талай ағашты
сол жел мықтап тәубесіне келтірді.
Жоқ, таба емес,
таңдану да емес ол,
айтылуы сәл ащылау демесең.
Ырзалық та
қысастық та жоқ менде
Күзге, қысқа, көктемге.
Бірақ кейбір дауылдардың заңы әділ,
әділ, әділ, әділ менің заманым;
әділдік те болар еді далбаса
анда-санда сілкіп-сілкіп алмаса!

1

Ерек апат келді-ау дедім бұған да:
бір көк терек құлап жатты тыраңдап,
бұтақтары жер сабады,
шаң ұшты –
қайран көкірек намысшыл ғой, намысшыл:
үміті бар үлкен меке-ме-лерден
Жігіт еді ол өлермен,
лауазымды биік қойған өнерден.
Лауазым ба?
Жапырақтай ол-дағы
ұшып кетті,
бір күнгідей болмады.
Әттең әлгі... тамыр қайда, дің қайда,
уақыт қайда көнетұғын ыңғайға –
ойланған жөн мұндайда:
күзгі жапырақ болып
саламын деп сап-сары ала алтын дән
айырылған байғұс еді салтынан.
Терек еді ол тамырынан жұлынған,
Жігіт еді ол айырылған халқынан!
Қыран құсап қара үзбесең – ұя бас,
не болмаса күшіктер тап ұялас!
Өз перзентін бірақ ешкім тастамас,
иә, біздің ел бере алад тасқа да ас,
өз жеріне біткен болса қасқия.
Салады-ау тек басқа ұя
бір бұзылған ұясының орнына;
бір құлаған ағашының орнына
егеді-ау тек басқа ағаш.
Жебеушінің жоқтығы деп бір епті,
әлгі жігіт мұңын шағып жүдетті.
Кресло-дәрежеге қол жетпей,
ұстай алмай дәрежесіз күректі
айдалаға шіренумен күні өтті.

2
Әр маусымның өз дауылы, желі бар
жел мен дауыл мықтыларға жолығар.
Мықтылықтар қалған жерде төзісіп,
әлсіздердің кетеді, рас, өзі ұшып.
Жапырақтың ұшуы көп,
жел ескенде азынап
емендердің құлайтыны – азырақ.
Әлсіздің көп құлайтыны – молдықтан;
күнде дауыл болатындай көрінер,
тек сондықтан, сондықтан:
күнде әдейі соғатындай көрінер,
ашық желдер аңырап бір
құлағалы тұрғанына шаңырақтың;
бұзылғалы тұрғанына ұяның
қай жағынан тиіссең де – сияды!
Ал, тамырлар – өміршең ғой масқара
өсе алады тасқа да –
мен де тасқа өскен жанмын,
жасқама,
маусым желі!
Дауыл болып кет мейлі,
кейде-кейде сенің де әлің жетпейді:
өсетіндер – өседі,
көктейтіндер – көктейді,
жапырақ құсап желпінбей-ақ көзге аса.
Бұталарды ғана қозғар – қозғаса
жел мен дауыл –
тамырларда жоқ ісі,
содан да аман ағаштардың көбісі.
Содан,

содан талай шаңырақ еңселі –
құлатар ед сені де жел келсе ебі.
Әу басында назардан тыс жаралған,
шын мықтылық, топырағынан нәр алған,
күретамыр атайыншы мен сені!

Бір жөткіріп, қос саусақпен етті іліп,
Қайыр-қария былай деді жөткіріп:
қырық жылдай қонбады деп бақ, атақ,
Аяз-биді “жаман адам” деп атап,
серік етіп соқырлық пен болжалды
қырық уәзір таңдағанда сол жанды,
сенген еді көздеріне көр-надан,
киіміне, адамдардың сыртын ғана қорлаған.
Алдап соқты данышпанның сырт түрі,
аз ғой әттең түсінетін жұрт мұны.
Сыртын көріп,
салатұғын түрткіні
барлық кездің баяғы бір қырттығы.
Аяз-бидің шапаны да еді ескі,
өзі де онша сұлу жігіт емес-ті,
жемісті ағаш – ажарсыз ғой қашан да –
ей, шөп-шөлкем, сылдырама, жасанба!
Қисық аяқ алма ағаш
толтырғанмен ұртыңды,
бір маусымдық гүл мен жапырақ құлпырды.
Күндей отты жаңа тапқан ұясын
адамдардың оттай ыстық миы асыл
күл секілді күлгін деседі бір түрлі.
Тек, мен айтсам:
сыбдырлардан сыр алам деп күттім кіл,
жылтырлардан жылу күттім, күттім кіл.
Сыртың бітті, сылдыр тірлік,
бітті үлгің,
саған,
саған сене алмаймын!
Ал, енді
Айдың өзі жарқыратқан әлемді
топырақ екен күп-күлгін!
Топырақтың да моп-момын боп жатып ап,
күрсінгенін – жер сілкінді деп білдік.
Жанар таулар бірер мәрте жөткірді –
содан пайда болды дейміз көп тірлік,
мұны бірақ қайдан ұқсын жапырақ.
Ей, мақтанба,
асыл тастар, дауласпа,
топырақтан сен де осы
жаралғансың әу баста.
Дүниенің миы, бәлкім, топырақ?!
Сенің миың – топырақ,
Оның миы – топырақ.
Топыраққа өспейтін зат жоқ дейді,
Ми да сондай: түрлі-түрлі көктейді.
Топырақтай ауыр азап, қайғы, рас, –
жапырақ ұшып, бұта шулап, жел тұрып
дүние қанша жатсын, мейлі, желпініп,
сол баяғы салмағынан айнымас.

Ой мен қиял, идеяны мәңгілік
күллі әлемге таратады қан ғылып,
күре-күре тамырлар.
Беріктіктің бәйтерегі, қане, ырға,
қатты білем сенің буын-қабырғаң:
Ленин оқып танытқалы Марксті
талай таудың қабағына қар түсті –
Үнді, ағылшын таулары боп әр түсті
тағдырлар да тартысты,
тамырлар да тартысты;
Сен – бастадың жарты істі,
мен – біті