сең егер бетімдегі.

Бірақ біреу кінәлады,
кінәлады ылғи мені –
Көмір қазсам – көмір қазды,
Биге барсам – бір биледі.

Мен күрсінсем ышқынады ол,
мен от жақсам – су себеді,
Мен әндетсем – сыңсиды ол...
көлеңкеме сүйкенеді.

Қысқасы оған мен не істесем –
соның бәрі ұнамады,
бірақ оның бір ғажабы:
сен кімсің деп сұрамады.

Күндер өтті бірте–бірте –
ұғып келем, біліп келем,
бар жауымнан сол жау жаман –
Оның аты – Күдік деген...”

* * *
Осыны айтты досым менің, сәл тынып
Отырды үнсіз... әр ойға бір талпынып.
Маңдайында бір сыр жатты күйгелек,
Жанын оның мазасыздық сүйрелеп,

Алып келе жатқандай ед сол күннен
Бері қарап аунап түскен толқынмен.
Өткен күнді қиын ба екен еске алмақ
бүгін өзің бара жатсаң аспандап?! –
Ойлы ғана жымияды ол әрине
Ересектің күлгеніндей сәбиге.
Өз айтқанына өзі елтіп ол кейде
түсіп қалад сол аласа деңгейге.
Әңгіменің бар желісін мезгіл ап
Сүйрейді алға сөз үстіне сөз құлап...

* * *
Дір-дір етіп ауаға бір тарады үн –
Мен қолдағы сағаттарға қарадым...

ТӨРТІНШІ ӘҢГІМЕ
I
Бір ұшқынмен бойымдағы
көп оттармен дос боп алдым,
Оттар менен ойға толы
кіп-кішкене тостағанмын.

Күндер желі соғады үрлеп –
Шашылмаймын, шайқаламын.
Темірқазық жұлдызындай
Бір бағыттан байқаламын.

Әр төбе асты – бір жұмбақ қой –
қала алмады уақыт бүгіп,
Әр төбе асты бір тұңғиық –
жүрдім соған батып-шығып.

Әр маңдайда бір-бір жұлдыз
тұрды жанып – шам дейді оны,
Сол бір шамдар жарқыратты
шаңға бөккен – жан-кеудені.

Бұл өмірдің лапылдаған
бар жалыны – лаваларда –
Сол жалынға жер үстінде
жалғыз теңеу табылар ма!

Секунд сайын ақтарылды
қара тасқын, жаңа тасқын,
адамзаттың еңбегі мен
құдіретін ап қара тастың.

Жер – бір кеуде, түкпірінен
еміс-еміс ызыңдап үн,
Ызың үндер (о, ғажайып!)
Келеді алып қызыл жалын.

Қиял көзін қадайсың кеп
ызалы аққан осы ағынға,
Әне сол от жатыр билеп
Отаныңның ошағында.

Көз алдыңа күле жанған
от келеді осындайда.
Жылт етер бір көзіңде ұшқын
Ол да отқа қосылмай ма.

Енді бір сәт... шал кісі боп
аяз күні ат тағалап,
Алақанды алғысы көп
Жаясың кеп отқа қарап.

Тағы бір сәт сәби болып
Сол шал киген тонға күлген,
Ыстық пешке жылынасың
Кіп-кішкене қолдарыңмен...

О, ғажайып! Бар қызудың,
Бар ыстықтың бәрі-дағы
Қара жердің қарс айрылған
Көкірегінен табылады.

...Сол жалынның биіктігі
бір қарыс па, бір елі ме –
Әйтеуір ол құйылады
Менің ғана жүрегіме –
сүйсінуші ем сондықтан мен
Білегім мен күрегіме!..

ІІ
Бірін-бірі тілдесе жұрт,
Не біреуді жамандады –
Тікен болып қадалушы ед
Сол сөздердің маған бәрі.

Бір жел ессе жұрт көңлінен
Шалқитын тек менің отым.
Ескіліктің өзі маған
Жаңа болып көрінетін.
Күні-түні болады әлек
Титтей жүрек сезгенімен...
Сол бір кезде білмеуші едім
Жек көруден өзгені мен.

Дүние тұрды ың-жың болып
Менің мынау құлағымда.
Өмір-ағын, қайдан болсын
Қарсы тұру бұл ағынға.

Мен солайша жүрдім ығып
Сол күндердің айдынында...
Тек ойлауға уақытым бар,
Уақытым бар қайғыруға.

Кейде ойладым: неге ғана
Мені өмірге әкелді елім?
Досты қайдан табам іздеп
Жау болса егер әкем менің!

Бір сұрақ кеп тұрар тағы
Ойлай қалсам кеңірек мен!
Өкпем жоқ-ты, өмір, саған
Бар ма менде сенің өкпең?

Өмірімнен, өз-өзімнен
есеп ала бастадым мен,
Жетім-денім жетілмеген,
сол баяғы жас дарынмен.

Ойламас ед басың мүлде –
тыныш болса бұл құлағың:
“Бар ма сенің – дейді біреу –
бірге оқыған құрбыларың?” –

осы сұрақ – өзі-ақ жетер
мені ойға батыруға,
бал-сезімдер бұзыла кеп,
кетті айналып ақыр уға:

Рас, рас, достар көпті –
бірге оянған, таңды атырған,
біреуі оның өнер тапты
өзім көрген Алматыдан.

Біреуі оның Москвада –
маған енді ол жоқ кісідей,
Біреуі анау, анау әлгі...
Ауыл совет хатшысы ғой.

Ал, мына мен? Күректі де
Дұрыс ұстар жоқ қуатым,
Мінез бар ма және менде
өзімді-өзім тоқ қылатын;

Неғып жүрмін босқа лағып?
Өңім бе бұл, түсім бе бұл?
Сондықтан мен сол күндердің
Түгіне де түсінбедім...

Мен істеген сол лавада
маған кінәсі аударылды...
Бір күні мені комсомолдан
шығаруға қаулы алынды.

Осы батты, көрдім ыза
әне, біреу дембелшеден
Соған қиып өз қолымнан
Билетімді бергенше мен.

Кетсем қайтер осы арадан? –
шықты бұл ой көкейімнен,
басқа ойлардың бәрі өшті де
Осы ой қалды – кетейін мен!

Өзге де емес, өз кеудемнен
қылтиды ұшы “бір бәленің”,
достарыма айтсам еді?
жоқ айтатын түк дәлелім.

Жалғыз ғана, ақыл-ойым,
Саған айтам, тыңда мені,
Мен – аяқпын, Басқа еріп
Талай сағым сынған еді.

Енді, ей, Бас, еріп көрші
еріп көрші мына маған;
Ұнатпайтын сен едің тек –
болсам біреуге ұнамаған!..

...Со бір кезде көкжелкемнен
көздер көргем күдіктенген,
Жақсы дос ек, қайда кетті ол?
Айрылдым сол жігіттен мен...

Шықты безіп өз-өзімен
әрбір сырды аяп ұға;
Шықтым безіп, кете барды,
Басым еріп аяғыма.

Шықтым безіп өз-өзімен,
Кекжелкемнен, көзалдымнан,
Шықтым безіп, шықтым қашып,
өз ұятым, өз арымнан!..

Бірақ, бірақ... түстім қолға,
енді алдан жаза күттім,
Бақытым тек – ар, ұяттың
Айыбынан тазарыппын –

Соттайды енді мені адамдар –
Соған, соған құмар тіпті ой,
Өзіңді-өзің соттағаннан
өзге соттар мың артық қой!

Және осын-ау адамдарға
сенемін мен, сенем, сенгем
бойымдағы бар сеніммен,
барлық шуақ, көлеңк