талай жайдан безіндім, суындым мен,
еңбекке деген пейілім суымайды-ақ.
Еңбек ете білгендер, мұңаймаңыз:
теңізді тінт,
бұлтты сөк,
мұнайды ағыз!
Еңбек еткен бабамыз – құдай нағыз,
құдай жайлы сондықтан ұнайды аңыз.
Сонсоң, сонсоң ұнайды мына маған
ердің ісі ерге де ұнамаған.
Құдайлардың құдайы – халық, халық,
халықты аңыз етуден жалықпалық!
Бағын талай аңыздың араладық,
халық барда аңыз да қалады анық
Құдай ойлап шығарып мұңайғанда,
сол өздері тудырған құдайларға
құлдық ұрған өздері бала-халық!
Халық көсем деп қарап, екі араны
құдай – пәнде деп бөлмен шекараны:
халқым адал, аман бол, сен аман бол.
ал, құдайлар келер де, кетер әлі!