Мысық тырнақ ащы бір мысқыл сөзбен
өкіл сынап жатты совхоз бастығын:
Тым құрыса кеще біреу жоқ деп пе ең,
мақтау алған тағы ешкім жоқ мектептен.
Қасқырға да жегізбепсің бір қойды,
мысығың да егіз туа білмейді.
Егінің де біркелкі боп көктейді, –
кіл орташа,
бір озатың жоқ, деді.
Бастық айтты:
– етеді елдің бәрі еңбек,
бірақ жоспарды орындадық әрең деп,
бірақ біздер еттік дейміз көп қызмет,
озат та жоқ, жалқау да,
есесіне, өтірік те жоқ бізде!

1983