Тынбадым мен ақ таңға,
бар жүйкемді оятып,
сөзді оңай тапқанмен,
орнын таппай қоятын.

Іздеймін тағы жақпаса,
азабына төзермін.
Сөздің орнын таппасам,
табылар емес өз орным.

1969