Күш берген өмір маған да,
ағайын, өзің білесің:
жартысын жойдым жыр есіп,
жартысын жойдым күресіп.

Толтырған сия қаламға
толтырғам құйып әр түсін:
жазуға кетті жартысы,
сызуға кетті жартысы.

1969