Кеттім іздеп бір үміт,
жүрегімді жыр езіп...
Құлап түссең сүрініп,
сүйеуші жоқ, тұр өзің.

Көрші бала кемітіп,
танауыңды «сынаса»,
«папалама» сен үйтіп,
өзің жұбан — жыласаң.

«Папалама»,
шыным бұл,
мен алыста тұрамын:
өзің шаққан шыныны
өзің жина, шырағым.

Өзін, үйрен,
сескенсең,
бос қалудан қаңырап,
өзің үйрен өскенше,
ал өскен соң, тағы да

демесінші түрленіп
бір дұшпаның тар, сасық:
«адам болып жүргені
әкесінін, арқасы».

1969