Жігіт болып бел буып, бекемсінсең,
қандай қызға үйленер екенсің сен?
Мүмкін бір қыз ілесіп келер саған,
мүмкін еріп біріне кетерсің сен?
Өзіңе ерсі көрініп бұрынғы ісің,
бірін сүйіп таңдарсың, бірін құшып.
Ауыл барсаң ала гөр ауыл жақтан,
не болмаса қаланың бұрымдысын.
Ұрыспайтын болса екен өре тұрып,
ал әйтеуір өзіңе сенетінін:
енесіне шанышқы ап шаппайтынын,
қонақ келсе шәй қойып беретінін.
Жиырма жаста тұрғанмен ол атылып,
сұлулығы: жақсы ана болатыны.
Маңдайынан қасықпен қонжитпасын,
етегіне кетсе ұлың оратылып.
Тап келеді қандай қыз?
Сыйы бөтен
қандай қыз бар өзіңді сүйіп өтер?
Көетергенмен өкшемді көре алмадым,
алғы күннің ауласы биік екен.
1969, 1982