Жыр есті екпіні боп тау-самалдың,
ал, тыңда жырға шын-ақ ауса жан бір.
Бітесің сен өкпелеп қай мініме,
мен жөндеп қай мінімді тауса алармын.
Көңілің болса сенің аңсаған жыр,
жыр жазып берейінші мен саған бір.
Сен оқып үлгіресің қай өлеңді,
мен жазып қай сырымды тауса алармын.
Сонда да оқисың сен қажып-талып,
сонда да жазамын мен шабыт жағып.
Жалғыз сен тауысардай бәрін оқып,
жалғыз мен үлгірердей жазып бәрін.
1969, 1982