Ала алмаған жау біздің мекендей бір,
мекендей берік болсаң екен деймін.
Жақсыңның бәрін өзім мақтан етіп,
жаманыңды көрмесем екен деймін.
Саған мұным қаталдау жетер, мейлі,
бұл тілегім кетпес-ау бекер деймін:
Ылғи сенің тойыңда күй тартқанмен
күйігіңді тартпасам екен деймін.
1969, 1982