Басыңа оралғанда күй тұманды,
өзіңнің тап болғанда сиқыңа әлгі,
сезгенде көп биікті шөгіп кеткен,
немесе көргенде бір күйкі жанды,
жаныңда жадау ойлы әуен аунап,
кірпіктен көңіл жасы құрғамай қап,
көкірек ортайғанда,
ей, Алатау,
жақсысың-ау шағына бір қарауға.
1967, 1982