Шын піскендер
осылай пісетін де:
жасқанардай маңынан кісі өтуге;
дауыстасаң қаттырақ – үзіле үркіп
топырлап кеп алдыңа түсетіндей.
Шым-шым өтіп күн шуақ піскен қызыл,
кінә сын-ды қол салу, тіспен де үзу.
Аш пейілдер ішіне – азаппен тең,
тоқ пейілдер үшін ол – түстен қызық.
Үзілді үні – ауада уылжып бір,
қызылдығын – көңілге жылу ғып тұр.
Ауыз салудан гөрі,
дәл мен үшін,
көзбен жеуге ылайық сұлулық бұл.
Бәрі де өсіп, піседі-ау ексең егер?
Ойда піссе, осылай кексе келер:
пісіп тұрған апортты көрген кезде
жырдағы шикі жерің еске келер.
1967, 1982