Бір сыр айтайын ба, ақын,
рас, саған ауыр бұл:
қол создырған қымбатың
қолыңда қас жауыңның.
Басың бақыр тиын бір,
рас, саған бұл да ауыр:
босқа...
босқа сиындың –
алдап кетті «құдайың».
Шын сыр айтайын ба, ақын,
жіберші енді бүріп бір:
ала алмаған қымбатың
алақаныңда жүріпті.
Басың алтын,
ал, жаса,
«алтын» ойлар жанбақшы.
«Құдай» сені алдаса,
сен «құдайды» алдапсың.
1967, 1982