Досқа деген сенімнен айрылмаған,
қасиетін жоймаған қайғыңда да,
сараң берген тиындай сирек-сирек,
сен ұқсайсың дәл маған, қайрымды адам.

Көкейіңде көкшіл ой қатып мұздап,
берген сертін жар құшып жатып бұзған,
сеніспеген махаббат...
сен де ұқсайсың
сүйген жаны сырт берген, бақытсыз жан.

Жүргендерге кінә көп қалам ұстап –
бұл жолдарды оқушым жарады ұқса.
Ауру адам көрсем мен ауырамын,
үйткені ол тұрады маған ұқсап.

Өсірдік пе екеуміз мәпелесіп
ақымақтық атаулының ата-енесін?
Сен де маған ұқсайсың егізімдей,
ғұмыр бойы жүрген жан қателесіп.

Сен де маған ұқсайсың – мақтана алам,
сен де маған ұқсайсың – мақтана алам.
Салқындығың жағынан сен де ұқсайсың,
тыным алып... табытта жатқан адам.

Бәрің маған ұқсайсың.
ұста, байла,
жақсы ойларды басымнан шықсам айдап.
Көңілдерің, қаупім тек, қалар деген
өзім түбі сендерге ұқсамай қап.

1967, 1982